Пойыздың кешігуі мен уақыт көзқарасы

Пойыздың кешігуі мен уақыт көзқарасы

Жапонияда пойыз бірнеше минут кешіксе болды, темір жол бекетіндегі қызметкерлердің жолаушылардан кешірім сұрағанын естисіз. Ал, пойыз он минут кешіксе, жолаушылар ашудан жарылып кете жаздайды. Мұндай жағдай Жапонияда көп ұшырайды. Осы істі румыниялық досыма айтып едім, ол «Румынияда пойыз он минут кешіксе, жолаушылар қол соғып қуанады» деп күлді. Өйткені, Румынияда пойыздың он минут емес, бір-екі сағат кешігіп келуі қалыпты жағдай екен.

Жапонияның Фудзияма тауы ауданында 2005 жылы сәуірде пойыздың темір жолдан шығу шырғалаңы туылды. Шетел ақпарат дәнекерлері мұны жаппай хабарлап жатты. Шырғалаңға пойыздың бір жарым минут кешігуі себеп болғандығы шетелдіктерді қайран қалдырды. Шетелдіктер талай жанды жалмаған осы оқиғаны шынын айтқанда, нағыз жапонша жол апаты деп санады.

Румыниялық досым маған Румынияда мұндай тосын жағдайдың туылуы мүмкін емес. Онда пойыз жүргізушілері пойыздың бірнеше минут кешігуін елемейді дейді.

Жапонияны есепке алмағанда, пойыздың кешігіп келуі әр елде үйреншікті жағдай. Шығыс Еуропадағы елдердің темір жол саласында мұндай істер көп кездеседі. Италияда пойыздың кешігуінен кезекші пойыздардың рет-тәртібі былығатынын жиі естіміз.

Германияға саяхаттай барған кезде, Гамбургте бекетке пойыз екі сағаттан артық кешігіп келсе, вокзал ішінен ду қол шапалақ үні көтерілді. Немістердің жұмысты шырғасын шығармай құнтты істейтіндігі кімді болсын тамсандырады. Бірақ, Германиялық бір досым бұрынғы Шығыс Германияға қатынайтын пойыздар әлі кешігетінін, соның салдарынан кезекші пойыздардың тәртібі былығып жататынын айтады.

Индияда пойыздың кешігуі дағдылы жағдай. Жолаушыларда бұған көндігіп кеткен. Ешкім ашуланбайды. Пойыз келгенше көпшілік ұсақ-түйегін жөндеп, күбір-сыбыр әңгімемен болады. Бір күні пойыз бекетке дәл уағында келіп еді, бұрынғы әдеттеріне басып алдеқайде лағып кеткен біреулер пойызға үлгере алмай қалады. Содан олар темір жол қызметкерлеріне айқайлап, шу көтере бастайды:

- Бұларың не?! Пойыз күнде кешігіп келетіні қайда?! Бізді жолымыздан қалдырдыңдар. Жауапкершілік арқалайсыңдар осы үшін!– дейді. Сонда темір жол бастығы:

- Көпшілік, абыржымаңыздар, бұл кешегі пойыз. Бүгінгі пойыз әлі келген жоқ,- деген екен аспай-саспай.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: fototelegraf.ru

Қ. Қауымбек