Флорида үлкен көзінің құпиясы ашылды

Флорида үлкен көзінің құпиясы ашылды

Құрметті массагеттіктер! Естеріңізде болса, біз осыған дейінгі материалдарымызда сіздерге АҚШ-тың Флорида штатының жағалауынан табылған үлкен көз туралы жазып, таныстырған едік. Бұл көзді Джино Коваччи есімді жергілікті тұрғын кездейсоқ тауып алған еді. Сол кездегі мамандар болжамы бойынша, көз қар адамына немесе үлкен сегіз аяққа тиесілі деп айтылған. 

Джиноның тауып алған көзі әлеуметтік желілерде біраз талас пен шу туғызды. Алғашында көз полиция қолына өтті. Одан соң орган өкілдері көзді зерттеушілерге сараптама жасауға табыстаған еді. Енді міне, арада біраз уақыт өткеннен соң, ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады. 

Ғалымдар бұл табылған алып көзді семсер-балыққа тиесілі деп отыр. Олардың айтуы бойынша, көз балықшылар ауына түскен семсер-балықтан пышақпен кесіліп алынып, кемеден түсіп қалған болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар әлі ДНҚ сараптамасын жасай қоймаған. Зерттеумен айналысып жатқан Florida Fish and Conservation Commission ұйымының мамандары қорытындыны жақын арада жарияламақ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет