Ағылшындық жолаушы 168 адамға арналған ұшақта жалғыз ұшты

Ағылшындық жолаушы 168 адамға арналған ұшақта жалғыз ұшты
Фото: lenta.ru

Ұлыбританиялық Грецияның Корфу аралынан Бирмингем қаласына ұшатын ұшаққа билет брондап қойып, ұшақ бортында жалғыз жолаушы болды.

Бирмингем қаласында тұратын 28 жастағы Саадом Джилани Корфудағы досының үйлену тойына барады. Әдеттегідей үйіне қайтатын кезде алдын ала ұшаққа билет брондап қойған. Бірақ оған "Jet2" әуежайында 168 адамға арналған "Boeing 738" ұшағының жалғыз жолаушысы болатынын ескерткенде қатты таңғалыпты.

“Мен бір өзім ұшатынынмнан қатты уайымдадым. Бірақ экипаж мүшелері өз ісінің нағыз білгірлері екен. Олар менің жағдайымнан хабардар болып, көңілімді көтеруге тырысты", – дейді жолаушы. 

Ұшақ бортсеріктері ол ұшаққа көтерілгенде "жеке ұшағыңызға қош келдіңіз" деп күтіп алып, жақсы қызмет көрсеткен. Джиланидің айтуынша Корфу-Бирмингем рейсі жақында ашылғандығы себепті бұдан көпшілік бейхабар. Сол үшін де ұшақта жалғыз жолаушы болған. 

Ұшу соңында авиакомпания қызметкерлері Джиланиге келесі жолғы сапарға пайдалана алатын ваучермен яғни қаржылай 60 фунт-стерлингпен марапаттаған.

Т. Раушанұлы