Саяхатшы баруы тиіс 5 базар

Саяхатшы баруы тиіс 5 базар
Фото: depositphotos.com

Гранд базарда болмасаңыз, нағыз Стамбұлды көрмеген екенсіз деп айтып жатады. Сол секілді әлемнің көптеген қаласында сондай өз формуласы бар. Сондықтан, саяхаттау бекерге өтпес үшін міндетті түрде бару керек және нағыз көрікті жер болып табылатын базарларды ұсынамыз.

Блюмен маркт, Амстердам

Амстердам орталығында болсаң, гүлдер иісіне қарай жүр. Тіпті, тұмаулатып жүрсеңіз немесе иіс сезу қабілетіңіз күшті емес болса да, керемет иіс Сингел жағалауына әкеледі. XVII ғасырда осы жерде гүлдер сатылымы басталған. Сол кездері кәсіпкерлер жерді жалға алмас үшін осындай жүзгіш базарды ұйымдастырған. Олар өтіп бара жатырған ғашықтарға гүл ұсынып сататын болған. Шамамен екі ғасыр өткен соң жергілікті басшылық арықты жабуды шешеді, бастысы «гүлді күре жол» отырықшы сипатқа ие болады. Қазір жағалау айналасында ондаған байланған баржаға жүздеген жылыжайлар орналасқан. Бұл жерде Амстердам тура мағынасында, гүлдерге батып жатыр.

Дамноен Садуак, Бангкок

«Damnoen Saduak» атауы аударғанда «қиындықсыз жол» дегенді білдіреді. Бұл Тайландтағы ең танымал жүзгіш базар. Ертеден жол салу мүмкіндігі болмағандықтан, арықтар көлік жолдары мақсатында маңызды рөл атқарды. Бангкок арықтарының терең торлары үшін «Шығыс Венеция» деп бекер айтылмаған. Бангкоктан 100 километр қашықтықта Дамноен Садуак арығында жүзгіш базар бар. Бұл жерден 8-9 $-ға қайықты жалға алып, сауда жасауға бара беруге болады. Дамноен Садуак – экзотикалық жемістерді жақсы көретін адамдарға арналған жұмақ. Сонымен қатар, бұл жерден ағаш бұйымдар мен табиғи косметика алуға болады.

Эль-Растро, Мадрид

Эль-Растро базары атауының шығу тегі өз бастамасын XVII-XVIII ғасырдан алады. Ол тура мағынасында «қанды із» деп аударылады. Себебі, бір кездері бұл жерде ет сатылған және оның қасында қасапхана болған. Қазір бұл жерде қасапхана жоқ, бірақ әлемдегі ең қызықты базарларының бірі орналасқан. Қысқа отырғышта, гүлді кілемде немесе кейде, жерде отыратын сатушылар өз тауарларын жайғастырады. Базар үшбұрышты болып келген. Бұл базарға бірдеңе сатып алу үшін келудің қажеті де жоқ, бұл жердің атмосферасы өте ерекше болып табылады.

Бокерия, Барселона

Бокерия базары Сан-Жузеп деген атаумен де белгілі. Ол туралы алғашқы еске алулар 1271 жыл деп белгіленген. Ол кезде қала қақпасынан алыс емес жерге ет сататын сәкілер орнатқан. Ғасырлар бойы базар кеңейіп, 1826 жылы ғана қала басшылығымен ресми түрде мақұлданған. Оның ресми ашылуы 27 жыл өткен соң болған. 1941 жылы базарды жаңа металл төбемен жапқан, ол әлі күнге дейін сақталған. Базар аумағы 2583 м² құрайды. Бокерия саяхатшыларды өзінің ерекше атмосферасымен тартады. Ол азық-түлік базары болып табылады.

Гранд Базар, Стамбұл

Гранд Базар – әлемдегі ең ежелгі базардың бірі, оның құрылысы 1464 жылы басталған. Гранд Базар – ол 58 көшедегі 4000 дүкен. Бұл жерде күніне жарты миллиондай саяхатшылар сауда жасайды, қыдырады және қала мәдениетін сезінеді. Гранд Базардың жалпы 18 қақпасы бар деп саналады.

А. Жапатова