Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Табиғат сыйға тартқан әшекей бұйымдар

Табиғат сыйға тартқан әшекей бұйымдар

Табиғат сыйға тартқан әшекей бұйымдар

Табиғат-Ананың талантты суретші ғана емес, дизайнер де, мүсінші де бола алатындығын бәріміз жақсы білеміз. Білесіз бе, оның шығармашылық адамына рух беретін тылсым күш болуға да шамасы жетеді. Көптеген өнер адамдары өз туындыларын жарыққа шығару үшін көрінісі көз тартар саябақтар мен қала шетіндегі таулы аймақтарға сапар шегіп жатады. Дәл осы дәстүр бойынша израильдік дизайнер Гур Кимель дүниеге керемет туындыларды алып келді. Ол жасап шығарған Nature Preserve атты табиғи әшекейлер топтамасы – Табиғат-Ананың нағыз тамаша тартуы. Гур Кимель таңдай қақтырар әсем бұйымдарды табиғат аясында жасаған серуен барысында жинған.

Дизайнер өз бұйымдарын Valencian Seed Collection, High End Collection и Simply Nature Collection сынды атаулар бойынша түрлі топтарға бөлген.

Ол бұйымдары жасалған материалдарды Иерусалим, Тель-Авив, Валенсия саябағы, Скандинавия ормандарынан жинаған. Олардың қатарында шырша бүршіктері, қылқанды ағаштардың бұталары, емен жаңғағы,  әртүрлі пішіндегі дәндер, тіпті кепкен жемістер мен жидектердің сүйектері де бар. Орманда керексіз болып жатқан мұндай майда-шүйде заттар нәзік жандылардың көркіне көрік қосар әшекей бұйымдарға айналып шыға келген.

Гур Кимель әртүрлі жаңғақтардан - алқалар мен салпыншақтар, шырша бүрлерінен - кулондар мен сырғалар, ұрықтар мен сүйектерден – әдемі алқалар әзірлеген.

Зергер бұйымдардың біршамасын алтын және күміс қабаттармен жапқан. Ал кейбір жерлерін табиғи күйінде қалдырған. Қандай әрекет жасаса да, барлық әшекей бұйымдар таңдай қақтырып, басты шайқатады.

Суреттер:d-jennifer.livejournal,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6120 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 қазан 2012, 13:33
Пікірлер
+0
26 қазан 2012, 23:29

:o :o :o :o :o :o :o :o :o :shock: :shock: :shock: :shock: :shock:

+0
29 қазан 2012, 08:58

:roll: Әдемісін-айййййййййй

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...