Ең ұзын атаулар

Ең ұзын атаулар
Фото: google.kz

Жер бетінде миллиондаған географиялық атаулар бар. Оның ішінде Астана, Алатау, Париж, Канада сынды атаулар айтуға оңай әрі есте оңай сақталады. Ал сондай бір ұзақ атаулар бар, айтқанда тілің сынып кететіндей көрінеді. Әлемтанудың бүгінгі жазбасы осы туралы...

1. Тайланд астанасы Бангок қаласының ресми атауы – Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатхани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит екен.

Бұл Гиннестің рекордтар кітабында атауы ең ұзақ қала ретінде жазылған. 

2. Muckanaghederdauhaulia – Ирландиядағы алқаптың атауы. 22 әріптен тұрады. Біздің тілімізге аударғанда "екі тұзды бұғаздың арасындағы батпақты аймақ" дегенді білдіреді.

3. Gasselterboerveenschemond – Голландиядағы ең ұзақ атау. 25 әріптен тұрады. 

4. Mamungkukumpurangkuntjunya – Аустралиядағы ең ұзақ атау осы бір дөңге беріліпті. 26 әріптен тұрады. "Әзәзілдің дәретке отыратын жері" деген мағынаны береді. 

5. Venkatanarasimharajuvaripeta – Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы ең ұзақ атау. 28 әріптен тұрады. 

6. Pekwachnamaykoskwaskwaypinwanik – Канададағы өзенге берілген. 31 әріптен тұрады. Бұл қазақ тілінде "жабайы қызыл балықты қармақпен аулайтын жер" деген сөз. 

7. Äteritsiputeritsipuolilautatsijänkä – Финлияндиядағы ең ұзақ және Еуропада екінші орында тұрған жер аты. 35 әріптен тұрады. 

8. Tweebuffelsmeteenskootmorsdoodgeskietfontein – Біріккен Араб Әмірлігінің солтүстік-батыстындағы ферма атауы. 44 әріптен тұрады. Мағынасы – "екі өгіздің бір оқпен өлтірілген бастауы". 

9.Chargoggagoggmanchauggagoggchaubunagungamaugg (Чаргоггагоггманчауггагоггчаубунагунгамаугг) – АҚШ-тағы өзен аты. 45 әріптен тұрады. Жергілікті халықтың өзінің тілі келмегендіктен Вебстер деп атап кеткен. Ресми мағынасы – "шекарадағы балық аулайтын орын – кездесуге арналған бейтарап орын". Халық арасына кең тараған аңыздардың бірінде «Сен өз жағалауыңнан балық ұстайсың, мен қарсы бетіңнен қармақ саламын, бірақ ешкім де теңіздің ортасынан балық аулай алмайды» деген мағына беретіндігі де айтылған.

10. Llanfairpwllgwyngyllgogerychwyrndrobwllllantysiliogogogoch (Лланвайрпуллгвингиллгогерыхверндробуллллантысилйогогогох) – Ұлыбританиядағы ең ұзақ атау. 58 әріптен тұрады.  

11.Taumatawhakatangihangakoauauotamateaturipukakapikimaungahoronukupokaiwhenuakitanatahu  (Тауматауакатангиангакоауауотаматеатурипукакапикимаунгахоронукупокануэнуакитанатаху) – Жаңа Зеландиядағы ұзындығы 305 метрге жететін таудың атауы. 85 әріптен тұрады. Гиннестің рекордтар кітабында әлемдегі ең ұзақ атау ретінде жазылған.

 

Г. Берік