24 қазан - БҰҰ күні

24 қазан - БҰҰ күні

Бүгін, яғни 24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымы күні. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы – КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания сияқты елдердің белсенділігімен екініші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұйым. Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Құрамында 192 мемлекет бар. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты:

  • Бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
  • Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
  • Халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
  • Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: ukrmap.su

А. Әбілхан