"Кемпірқосақты" көпір

"Кемпірқосақты" көпір

«Өзіңіз тұратын қаланың қонақжай әрі сұлу көрінуі үшін көп нәрсе жасаудың қажеті жоқ». Тайвань еліндегі Магонг қаласындағы таңғажайып көпірді жасап шығарушы шеберлер осылай деп жаһанға жар салады.

Қаланың қақ ортасында орналасқан көпірді түрлі-түрлі ұзын шнурлармен безендіру қарапайым нәрсе болып көрінгендігімен, бұл әрекеттің нәтижесінде шыққан көрініс кез келгеннің басын идіреді.

Бұған дейін өздеріңізге "Кемпірқосақ түсті Жер" туралы айтып өткен болатынбыз. Енді міне, "кемпірқосақты көпір" пайда болды. Аталған көпірдің құрылымына алуан түрлі түстер қосылған. Осындай қулықтың арқасында жергілікті тұрғындар күн сайын кемпірқосақты көре алады. Біз білетін кемпірқосақ аспанда көрінетін болса, бұл құбылысты су бетінен көре аласыз.

Ақшам уақыты болысымен, қалада ертегі еліндегідей көрініс патшалық құрады да, адамдардың көңілін көтеріп сала береді.

Көпір – шығармашылық туынды ғана емес, көптеген адамдардың ыңғайлы жүруін қамтамасыз етіп отырған арнайы сәулеттік жоба.

Бәрін айт та, бірін айт! Кемпірқосақты көпір - қол ұстасқан қос ғашықтардың оңашада серуен құруы үшін таптырмас мекен.

Суреттер:dv-reclama.ru,news.a.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева