Шетелдер несімен танымал?

Шетелдер несімен танымал?
Фото: pcwallart.com

Cіз басқа елдер жайлы көп білесіз бе? Бәлкім, сіз өзге шетелдік азаматтар секілді тек сол елдің стереотипке айналған бір-екі сөздері мен орындарын ғана білетін шығарсыз? Мүмкін сіз ол елді тек киносы, не музыкасы, не тағамы, не ұлты, не дәстүрі арқылы танитын боларсыз? Біз бүгін әр елдің «төлқұжаттарына» тоқталмақпыз. Мәcелен, Англия десе, не есіңізге түседі?

Англия: Биг Бен, файв о’клок, сұлы ботқасы, Шерлок Холмс, Диана ханшайым, көгал алаңдар, Лондон Тауэры, Пикадилли көшесі, көп орынды күймелер, телефон дүңгіршектері, Джеймс Бонд, Дэвид Бекхэм, ақсүйектер, шай.

Шотландия: волынка аспабы, Уильям Уоллес, Дункан МакЛауд, ешкілер, аршагүл балы, Хэллоуин, кёрлинг ойыны, қызыл түсті белдемшелер.

Ирландия: Үшқұлақтар, арфа, Гиннес, Қасиетті Патрик, би, жирен тазылар, тақырбас Шинед, ирландық рагу тағамы.

Франция: бордо шарабы, фуа-гра тағамы, дүкендер, тұрақсыздық пен опасыздық, Нотр Дам, Мона Лиза, мушкетерлар, гильотина құралы (қылмысты адамдардың басын шабатын құрал), аккордеон аспабы, Наполеон, Ален Делон, Квазимодо, түнгі көліктердің өртенуі, Амели, Пляс Пигаль, импрессионистер, Эйфель мұнарасы, Жанна д’Арк, ірімшік.

Германия: шошқа етінен жасалған бәліштер, иық бауы бар былғары шолақ шалбарлар, прәндік үйшіктер, аусвайс, ауаның бұзылуы, Нибелунгтар туралы жыр, Фауст пен Мефистофель, Дрезден галереясы, Тәртіп бәрінен бірінші, сыра.

Аустрия: сиқырлы сырнай, ормандағы оқиғалар туралы ертегілер, фрактар мен көбелек-галстуктар, Арнольд Шварценеггер, Алғашқы әлемдік, тирольдық малшы әйелдер.

Швейцария: қоңыраулы сиырлар, фондю тағамы, Вильгельм Телль, сәнді сағаттар, дәмді шоколадтар, банктер.

Голландия: диірмендер, қызғалдақтар, ағаш кебістер, арналар, Рембрандт, кептірілген балықтар, мешіттер.

Бельгия: Шаптырып тұрған бала, мешіттер.

Грекия: қирандылар, құмыралар, Олипиадалық ойындар, 300 спарта азаматтары, зәйтүн, сиртаки биі, үйлену тойлар, Демис Руссос, Аристотель Онассис.

Италия: Колизей, Ватикан, Декамерон мен Құдыретті комедия, пицца мен макарондар, құлағалы тұрған мұнара, неореализм, мысықтар, көгершіндер, Феличита, Дольче-Габбано, қанға қан, қоқыс үйінділері.

Испания: коррида жекпе-жегі, кастаньет аспабы, хамон тағамы, херес шарабы, гофрленген жаға, Саграда Фамилиа, инквизиция, Герника, Хулио Иглесиас, Антонио Бандерас, экономикалық тоқырау, аяқтан сүю.

Португалия: портвейн шарабы, мадера шарабы, трамвайлар, айбынды шабыт шақыратын ұрандар, Криштиану Роналду.

Польша: "Кабачок "13 стульев" бағдарламасы, II Иоанн Павел, шляхта (ұсақ жер-сулы поляк дворяндары), тәкәппарлық, полонез биі, Ынтымақтастық, бигос тағамы, контрабандалық темекілер, Ва-банк, Лёлек пен Болек.

Чехия: Сыра, Швейк, Карел Готт, Карлов көпірі, емдік демалыс орындары, Кафка, Златовласка, адам қаңқалары бар шіркеулер, Мартина Навратилова, Кржемелек пен Вахмурка.

Словакия: Чехияның тарихи көлеңкесі, Татры шыңы, қорғандар, тыныштық және береке.

Венгрия: атты әскерлер, гуляш тағамы, чардаш биі, Балатон көлі, паприка, Рубиктың кубигі.

Румыния: Карпат таулары, сығандар, Чаушеску, граф Дракула, Надя Комэнечи.

Болгария: Слынчев жағалауы, көкөніс консервілері, Киркоровтар отбасы.

Бұрынғы Югославия: Кустурица, өзара соғыс, дауысты дыбыссыз сөздер, Тито, партизандар, шешесінің пәтеріне арналған жиһаздар.

Литва: меруерт тастар, цеппелиндер, Будрайтис, Банионис, Адомайтис.

Латвия: Рига теңізінің наны, Рига теңізінің бальзамы, "Домский собор", Юрмала, төбеге дейінгі ұзақ жол.

Эстония: Кәрі Томас, Ұзын Герман, Толық Маргарита, "Таллиннаға дейін ұзақ па?"

Финляндия: Калевала, Йоулупукки, маскүнемдік, көлдер, саам халқы, сауна, Терістік шұғыласы.

Швеция: үлкен корабльдер, XII Карл, фермалар, бұғы тектес лось, далекарлиялық аттар, феминизм ағымы, Карлсон, АББА квартеті.

Норвегия: фьордтар, шаңғылар, Бьёрндален, Бұғы свитерлер, Пер Гюнт, трольдар.

Дания: су перілері, викингтер, конструктор, Гамлет, Ларс фон Триер, Ганс Христиан Андерсон.

Исландия: гейзерлер, Эйяфьятлайокудль мұздығы, Рейкьявиктегі аю, әкесінің аты тегімен бірге жазылуы, Бьорк.

АҚШ: Тәуелсіздік ескерткіші, Манхэттен, Жабайы Батыс, ковбой жауынгерлер мен үндістер, джаз бен рок-н-ролл жанры, ақшалы әлем, империализмнің діңгегі, қара нәсілділерді асу, Авраам Линкольн – қанішерлерге қарсы күресуші, Бэтмен – адамзатты құтқарушы, 11 қыркүйек.

Канада: үйеңкі жапырақтары, англофондар мен франкофондар, инуиттік жансыз тұлғалар, хоккей ойыны.

Мексика: кактустар, сомбреро қалпағы, мучачос, текила ішімдігі, буррито тағамы, Панчо Вилья, Роберт Родригес.

Бразилия: Пеле, карнавал, жабайы маймылдар, күң Изаура.

Израиль: Әр тас бір тарихтан сыр шертеді, Өлі теңіз, әскердегі әйелдер, Хава нагила.

Мысыр: бәрі қосулы, түйелер, пирамидалар, фараондар, бәдәуилер.

Туркия: бәрі қосулы, кебаб тағамы, хамам (монша), янычарлар, наркескен, Ататүрік, теріден жасалған тондар.

Үндістан: Тәж-Махал, есепсіз қазына, ластық және кедейлік, йогалар, Зита мен Гита, Ганганың лай суы, пілдер мен әп жыландар, қасиетті сиырлар, лотос гүлі.

Қытай: Ұлы Қытай Қорғаны, Ұлы Қытай жарысы, ширпотреб, террактілі әскерлер, жұлдызнама, айдаһарлар, отшашулар, Тяньаньмэнь

Таиланд: Меруертті Будда, цунами, трансвеститтер, апиын шеккіштер, Апитчатпон Вирасетакун.

Вьетнам: "вьетнамдықтар" шәркейі, конус пішінді сабаннан жасалған қалпақтар, велорикша көлігі, Хо ата.

Камбоджа: Қызыл кхмерлер, Нородом Сианук, Лара Крофт, Полонский.

Аустралия: Джеймс Кук, Николь Кидман, кенгуру, коала, үйректұмсық, Сидней опера театрының ғимараты, бумеранг, Данди Қолтырауын лақап атымен.

Жаңа Зеландия: Скай Тауэр, «Властелин колец», Оңтүстік Кресті.

Антарктида: пингвиндер, Беллинсгаузен, Амундсен, озонды жырық, мұз.

 

Г. Берік