Дэвид Глэшин – бүгінгі «Робинзон»

Дэвид Глэшин – бүгінгі «Робинзон»

Австралиялық заманауи Робинзон белгісіз аралда 20 жыл ғұмырын өткізді. 1993 жылы 6,5 миллион еуро ақшасынан биржада ұтылып қалуына байланысты өзінің құрбысын алып Restoration атты Австралия жағалауындағы бір аралға көшіп кеткен еді.

«Робинзонада» жанрынан шаршаған құрбысы уақыт өтпей жатып Дэвидті аралда жалғыз тастап кете барған. Онымен бірге баласын да алып кеткен. Бірақ Дэвидтің бұдан уайымдап жүргенін көрген біз жоқ.

Ол көкөніс өсіріп, сыра қайнатады, ең қызығы ол өз кәсібімен айналысуды тастамай бағалы қағаздарын ғаламтор арқылы саудалайды. Ғаламторға кіру үшін ол қуат көзін арнайы қойылған құрылғылардан алып, пайдаға асырады.
Ол көбінесе танысу сайттарына кіріп, өзіне серік іздейді. Тіпті суретін де қойып, өзінің өмір сүру салтымен таныстырады, сабазың.

Алғашында аралда өмір сүруге қызыққан біраз қыз оның достығын қабылдаса да, онда баруға тәуекел ете алмапты.

Негізгі тағамы жағалаудан аулаған балықтар. Әзірге оның адал досы – иті.

Австралия билігі оған бұл аралды жыл сайын 13 мың еуро сомасына жалдауға берген. Келісім-шартта көргеніміздей, Дэвид туристерге арнап, қонақ үй соғамын деп алдаған болып шықты. Жергілікті билік оның ештеңе де соқпай, шаруашылықпен айналыспай отырғаны үшін 2000 жылдан бері бұл аралдан көшіріп жіберуге ниетті. Ал «Жабайы адам» бұл аралдан кетсем, өлемін дейді.

Осындай бір ирония әлемнің назарында әлі де біраз сақталатын сияқты, себебі бүгінгінің Робинзонын көру үшін журналистер мен туристер бұл мекенге ат басын қайта-қайта бұрып жүр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: livejournal.ru

А. Құлтай