Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Маусымаралық демалыстың артықшылығы

Маусымаралық демалыстың артықшылығы

Маусымаралық демалыстың артықшылығы

Еңбек демалысыңыз күз не көктем мезгіліне келіп қалды ма? Маусымаралық уақытта қайда барарыңызды білмейсіз бе? Олай болса, маусымаралық демалыс туралы ақпаратымызға назар аударыңыз.

Біріншіден, маусымаралық кезеңде қонақүй мен демалыс жолдамаларының бағасы арзандайды. Мысалы, Түркияда бес жұлдызды қонақүй бөлмесінің бағасы тәулігіне 15-20 долларды құрайды. Бұл уақытта су температурасы төмендейді. Алайда, сіз кемемен жүзіп, теңіз жағалауында қыдыра аласыз. Сондай-ақ,  қонақүйлерде  SPA-кешендері, мейрамханалар, экскурсия жүргізетін орталықтар жұмыс істейді.  Сіз кез келген уақытта өз бетіңізше қала көшелерін аралап, шоппинг жасап қайта аласыз.


Бұл кезеңде таулы аймақтарға баруға болады. Мысалы, Қаракөл шипажайының қонақүй бағасы арзан әрі демалушылардың саны аса көп болмайды. Қыс маусымы басталмаса да, мұнда сіз тау ауамен тыныстап, табиғат аясында демала аласыз.

Екінішден, маусымаралық кезеңде демалушылардың саны аз болады. Мейрамханалар мен дүкендерде ұзын-сонар кезекте тұрмайсыз. Сізге даяшылар мен сатушылар жедел түрде қызмет көрсетеді.

Үшіншіден, маусымаралық кезең суық пен ыстықты ұнатпайтын жандарға өте қолайлы. Бұл кезде шипажайға барып, денсаулықты түзетіп қайтуға болады. Емдік шаралармен қатар, сіз экскурсиялық бағдарламалар арқылы жергілікті мекендерді аралай аласыз. Егер де сіз Еуропа еліндегі шипажайларда демалсаңыз, шенген визасы арқылы Еуропаның басқа да мемлекеттеріне экскурсиялық бағдарламалармен бара аласыз.


Төртіншіден, егер сіз демалуға жалғыз барғалы жатсаңыз, Еуропа бойынша автобус турына тапсырыс бере аласыз. Демалыста жаңа таныстармен табысып, уақытты қызық әрі әсерлі өткізуіңізге болады.

Бесіншіден, демалысыңызды игілікті істерге жұмсай аласыз. Маусымаралық кезеңде өзге мемлекетке саяхат жасауға ғана емес, шетел тілдерін үйрену үшін де баруға болады.  


Еңбек демалысыңыз күз я көктем айларына келсе, мойымаңыз! Ең бастысы, кібірткі көңілден арылып, жаңа әсерлермен ораласыз!

Сурететр ғаламтор беттерінен алынған

1949 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 01 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
01 ақпан 2012, 10:24

Үшінші артықшылық ұнап тұр. Демалған соң, осылай демалу керек қой. Жанға әрі дауа, әрі сая.

+0
01 ақпан 2012, 12:55

Біріншісіне толықай келісемін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...