Саяхатшыға кеңес

Саяхаттау жылдың қай мезгілінде болмасын, өте тиімді әрі қызықты әрекет. Саяхаттауға жиналу, өткізген уақыт аралығындағы естеліктер, керемет фотосуреттер мен оқиғалар: Бұлар сіздің өмірлік жеке кітабыңызды жазу барысында септігі тигізері сөзсіз. Бірақ, саяхаттау кезінде мыналардан аулақ болыңыз.

1. Жабайы жануарларды тамақтандырмаңыз:
Өзге елде алдыңыздан кездескен кез келген жануарды тамақтандыра беруге болмайды. Біріншіден, олардың іс-әрекеттерін болжай алмайсыз. Тамаққа бола шабуыл жасауы әбден мүмкін. Екіншіден, сіз берген тамақ олар үшін улы болуы ғажап емес. Сондықтан, қанша жерден ол жануарға қызығушылығыңыз оянса да, бұл әрекеттен қашыңыз.

2. Адамдарды рұқсатынсыз суретке түсірмеңіз:
Кейбір елдерде бұл ресми түрде тыйым салынған істердің қатарына жатады. Егер, суретке түсіруді қажет деп есептесеңіз, қасына барып, рұқатын алыңыз.

3. Тазалық сақтаңыз:
Егер өзге туристтер айналасына салғырттық танытып жатса, сіз бұл әрекеттен аулақ болыңыз. Өйткені, тазалық – денсаулықтың кепілі.

4. Ұшақты жиі пайдаланбаңыз:
Ұшақтар атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөледі. Бұл жаһандық жылынуға алып келеді. Бұл, әрине, адамның жеке шешімі. Дегенмен, пойыз, көлік пен су көліктерін таңдау қаржыңызды үнемдеуге көмектесері сөзсіз әрі жаңа адамдармен танысуға, олармен араласуға мүмкіндік аласыз.

5.  Көп ақша жоймаңыз:
Үйге сыйлықты туристтік аймақтан алшық, өзге жерден сатып алыңыз. Ол жердегі баға сіз ойлағаннан әлдеқайда арзан болуы мүмкін. Ал, тамақтануға келетін болса, жергілікті тұрғын тамақтанатын мейрамхана мен кафелерді таңдағаныңыз дұрыс болады. 

6. Жануарлармен селфи жасамаңыз:
Туристтік аймақтағы жануарлардың көбі заңсыз түрде қолға үйретілген. Сонымен қатар, оларға иелері жақсы күтім жасайды деп айту да қиын.

7. Адамдарды кемсітпеңіз:
Саяхаттау барысында кездескен кез келген адамға сыйластық танытыңыз. Егер әлемнің ең кедей түкіпірне саяхаттап барсаңыз да, ол жердің тұрғындарына құрмет көрсетіп, олармен жақсы қарым-қатынас орнатыңыз.