«Экспресс махарджа» – Азиядағы ең қымбат пойыз

 «Экспресс махарджа» – Азиядағы ең қымбат пойыз
Фото: i-fackt.ru

Азия Еуразияның шығыс бөлігінде жатқан, «күн шығыс» елі атанып отырған арысы Жапондар мен берісі Үндістанды алып жатқан құрлық. Осы құрлықтағы ең кедей елдердің бірі – Үндістан. Бірақ әлемдегі ең кедей елде ең қымбат поез барын және оның Азиядағы ең қымбат пойыз екенін білесіз бе?!

2010 жылдан бастап бұл қымбат поез жолға шықты.       

«Экспресс махарджа» – осындай атау алған поез Үндістанның барлық аймағына сапар шегеді. Поездің жүру уақыты сегіз күнге есептелген. Осы уақыт ішінде жолаушылар үнді даласымен толыққанды таныса алады. Сондықтан болар поездің жылдамдығы басты орында емес.

«Экспресс махарджа» поезінің ең арзан билет құны – 800 доллар. Ал ең қымбаты – 2500 доллар. Шошымаңыз, бұл сегіз күнге емес, тәулігіне. Ал жергілікті халықтың 99% бұл поезді тек түсінде көреді.

Жергілікті халық  «Экспресс махарджа» поезін атасаңыз түрлерін бұзып, ол туралы кері пікір айтады. Себебі халқы кедей елдің кедейлері байлардың онда отырып демалғандарын көре алмайды.

«Экспресс махарджа» поезі 24 вагоннан тұрады. Екі вагон толыққанды ресторан. Бір вагон ішімдік ішуге арналған бар үлгісінде жасалған. Жеке көліктерді салып алуға болатын, ауыр жүктерді артуға болатын қосымша тағы вагондары бар. Поез 88 адамға нақ есептеліп жасалған. Ал бұл поезді жасауға 13 миллион АҚШ доллары кеткен.

Жоғарыдағы көрсетілген сома ішінде жаты орын, тегін тамақ кіреді. Ал менюден басқа ерекше бірдеңе жегіңіз келсе, оған да тапсырыс бере аласыз. Гуджарат жерінен өткен кезде жолаушыларға ішімдік ішуге тиым салынады. Себебі бұл осы елдегі жалғыз арақ-шарапқа тиым салған аймақ. Әрбір станцияға тоқтаған сайын поез жолаушылардың қалауымен  күн бойына тұрады. Себебі олар саяхат жасайды.  

М. Ақан