Бес жұлдызды қонақүйі бар пойыз

Бес жұлдызды қонақүйі бар пойыз
Фото: instagram.com

Бес жұлдызды қонақүйі бар пойыз Оңтүстік Америкада пайда болды. Куско мен Арекипа (Оңтүстік Америкадағы Перу елінің қалалары, - ред.) арасында жүретін пойыз саяхатты сүйетіндерге ерекше жағдай жасап отыр. 

Belmond Andean Explorer деп аталатын пойыз ішіне 48 жолаушы сыяды. Пойыз-қонақүйдің ішінде рояль залы мен қонақтарына перу асханасын ұсынатын мейрамхана бар. Сондай-ақ шағын галерея мен естелік заттар сатылатын дүкен орналасқан. 1-2 күнін есте қаларлықтай етіп өткізгісі келетін жандар пойыз-қонақүйге билет сатып алса болады.

Бұл жерден жолаушылар қандай әсер алар екен? Бұл әлі белгісіз. Өйткені бұндай ерекше пойыз-қонақүй әлемде бұрын-соңды болған емес. 

М. Оңғарова