Эйфель мұнарасында аттракцион ашылды

Эйфель мұнарасында аттракцион ашылды

Эйфель мұнарасы – әлемдегі туристер ең көп қызығатын жер. Жыл сайын мұнараны көруге 7 миллионнан астам адам барады екен.

Бірақ, теннистен Францияның ашық біріншілігі кезінде келушілердің саны күрт артуы әбден мүмкін. Себебі, осы мақсатта жасалған аттракцион көпшілік назарына ілікті.

Perrier минералды суын өндіруші компания мұнараның екінші қабатына (биіктігі 115 метрді құрайды) ұзындығы 800 метр арқан орналастырды.

Марс алаңының үстінен керілген арқанмен сырғанап өткісі келген адам 90 км/сағ (кәсіби теннис добының жылдамдығы) жылдамдықпен 32 секундтық экстремалды саяхат жасайды.

А. Оралқызы