Көңіліңді сергіт: көліксіз көшелер, таза қалалар

“TED TALKS” конференциясында тың идеяларымен көзге түсіп жүрген Джефф Спэк әлем халқы денсаулығының күрт төмендеуін көлік қолданысының артуымен байланыстырады. Экономикалық тұрақтылықты арттырып, экологиялық мәселелердің алдын алумен қатар, дені сау ұрпақ өсіру үшін қаланы жаяу жүргіншілерге арнап тұрғызу керек екенін айтты.

Өзінің зерттеу жұмысы шындыққа жанасатынын дәлелелдеу үшін әлем шарлаған ол «Жүргіншілер қаласы» деген атқа лайықты 5 қаланы атап көрсетті:

1. Венеция, Италия. Көлік пен туристерсіз де қала ғажаптығын жоғалтқан емес.

2. Амстердам, Нидерланд. Велосипедпен саяхаттауға таптырмас жер. Тек велосипед тебуді толық меңгерген уақытта ғана қауіпсіз болады.

3. Марракеш, Марокко. Әрбір көше қиылысы тұйық көшемен аяқталады. Көлікке арналған жолдар да аз. Нағыз жүргіншілер қаласы.

4. Антигуа, Гватемала. Үй ішіндегі жасырын аула құпия әлемнің есігі іспеттес. Тыйым салынған аймаққа бас сұққандай күй кешесіз.

5. Квебек-Сити, Канада. Қысы-жазы өзгермейтін ыстық ауа райы қаланың дұрыс құрылысы ешқандай саяхатқа кедергі болмайтынынан хабар беретіндей.

Сіз қай қаланы жаяу аралағыңыз келеді?

Бөлісу: