Ерекше ескерткіштер: күлкіге арналған мүсіндер

Ерекше ескерткіштер: күлкіге арналған мүсіндер

Ерекше ескерткіштер керек, ерекше ескерткіштер сонысымен маңызды. Әрине, "ескерткіш" деген сөзді естіген уақытта көз алдымызға қоғам қайраткерінің асқақ мүсіні, әйтпесе үндеуге шақырып тұрған реформатордың мәрмәр қалпы, қатқыл болмысы келе қалады. Алайда, өмірдің өзі сан түрлі соқпақ пен салалардан тұратынын ескерсек, онда өмірде өте көңілді ескерткіштер болуы тиіс қой.

Солардың бірі Фленсбург (Германия) қаласының орталығында тұрған мүсіндік композициялар. Орындықта жата қалып ішек-сілесі қатқан осы бір мүсіндерді көргенде күлкінің өнер екені еріксіз еске оралады. 

Бірінші композиция – барынша күліп тұрған әйел ешкісімен бірге.

Күлкінің өнер, күлдірудің өлім екенін осы мүсінге қарап бағалаңыз. Қарап отырғаныңыздай, бар күші таусылып, ішегі тартылып бара жатқандықтан, жата-жастана жығылып жатыр. Екі қол көкке ербеңдеп, екі аяқ аспаннан шыға ма, қайтеді?

Егде тартқан шақта пенсне тағып, тәпішке киіп отырған үлкен жастағы әйелдің мәз-мейрам болуы. Бір қарағанда аяғын көтере күлген апамыздың күлкісі қорқынышты көрінеді.

Шал мен немересі. Мейірімділік пен адалдығы жүзінен көрініп тұрған шалдың киім киісі де ерекше: үлкен резеңке етік; бүкіл денесін жауып тастаған киім; ерекше шалбар мен бір түрлі бас киім. Жақ сүйегін шынтақтаған қалпы алысқа көз тастап отыр. Шалға тән күлкіден құр алақан сияқты. Өз кезегінде кімге қарап күледі?!

Қолын жаймай, даусын айдай әлемге естірту деген осы шығар, сірә. Ең бастысы, өзіне тән күлкісі жүзін мың құбылтып жіберіпті.

сурет:caesararts.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига