Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдік паспорт неліктен 4 түсті болады?

Әлемдік паспорт неліктен 4 түсті болады?

Әлемдік паспорт неліктен 4 түсті болады?

Біз көп жағдайда ел аралап, сапарлап шет елдерге шығып жатамыз. Сапар барысында байқасаңыз әр ел құжатының түсі әртүрлі. Әлемдік құжаттар тек қана негізгі 4 түсті болады екен. Әр елдің құжатқа түс таңдаудағы өзіндік себебін білесіз бе? Білмесеңіз, назар салыңыз!

Қызыл

Ең көп таралған түс – қызыл. Сыртқы мұқабасы қызыл түсті құжаты бар елдер негізінен (өткені немесе бүгіні) коммунистік елдер боп келеді. Слования, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының кітапшалары осы түсті иеленген. Хорватиядан басқа Еуроодаққа мүше елдердің паспорттары қою қызыл және осы түстің басқа реңктеріне қарай жасалады. 

Көк

Таралуы жөнінен келесі түс – көк. Көк түсті мұқаба "жаңа әлем" деген мағынаны білдіреді. Кариб елдерінің құжаттары осындай түстес. Оңтүстік Америка елдерінің паспорттарындағы көк түс негізінен Меркосурмен байланысты (сауда одағы) білдіреді. Бұлар – Бразилия, Аргентина, Парагвай. АҚШ азаматтарының паспорты 1976 жылы ғана көк түске ауысты. 

Жасыл

Көптеген мұсылман елдерінің паспорты жасыл түсті. Мысалы, Марокко, Сауд Арабиясы, Пәкістан. Жасыл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болған. Сондай-ақ табиғат пен өмірдің символы деп те есептеледі. Бұл түстің басқа реңтері Батыс Африка, мысалы, Буркина Фасо, Нигерия, Сенегал елдері азаматтарының паспорттарында кездеседі. Тағы бір айта кететіні, жасыл түс бұл елдердің Батыс Африка экономика қауымдастығы құрамында екенін де білдіреді. 

Қара

Ең сирек таралған түс – қара. Бұл түс тек аздаған Африка елдерінің құжаттарында ғана кездеседі. Атап айтсақ, Ботсвана, Бурунди, Замбия, Габон, Ангола, Чад, Конго, т.б. Сонымен бірге жаңазеландиялықтарда да қара түс. Себебі, бұл мемлекеттің ұлттық түсі қара.

Мына картада әр елдің паспортының түсі көрсетілген

0
Рейтинг: +1

Фото: i.kapital.kz
Қосылған күні: 28 наурыз 2017, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.