АҚШ-та бір ит жетім мысықты "асырап алды"

АҚШ-та бір ит жетім мысықты "асырап алды"

Американың Миннесота штатында тұратын тұрғындардың бірінің немересі үйсіз-күйсіз жүрген бір мысықты көшеден тауып алып, үйге алып келіпті. Ең қызығы сол, егде тартқан әйелдің немересі ойнап жүрген ұрғашы ит күтпеген жерден жетім мысық баласына аналық мейірім танытып, "бағып-қағуға" өз қол астына алған. 

"Миттенс (иттің аты) мысықтың даусын естіген бойда дегбірі қашып, бір орында тыпырлап тұрмай қойған. Содан кейін әлгі мысықты көрген бойда айналып-толғанып жүріп, қасынан бір елі ажырамауға бекінген сыңайлы..." - деп ит иесі Патриция Вебер мәлім етті.

Мысық баласы табылған кезде халі мүшкіл жағдайда болыпты. Және есін жинап, қалыпқа келген соң "Бутси" деген ат берілген.

Вебер өзінің иті туралы тағы бір қызықтың шетін шығарды. Күшік кезінен бастап өсіріп келе жатқан иті кейде тосын қадамдар мен қызықты қылықтар жасап тұратын болып шықты. Осы бір оқиға орын алмастан бірнеше күн бұрын итінің үрпілері шектен тыс ісіне бастаған. 

Қазіргі таңда мысық баласының қалай өмір сүріп жатқаны белгісіз. Бір білген ақпарат, Патрицияның мысыққа қарсы аллергиясы бар. Бірақ, жарасымды отбасыны бөле қоятын ойы жоқ екен. Әзірше...


сурет:cathome.ucoz.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига