Мәңгі жасыл мекендегі ерекше кинотеатр

Мәңгі жасыл мекендегі ерекше кинотеатр
Фото: dobriiden.ru

Оңтүстік Тайландтың Яо Ной аралында орналасқан ерекше кинотеатр туристер асығып келетін орындардың біріне айналып үлгерген. Су бетінде салынған қызықты мекеннің жан-жағын биік шығанақ жауып тұр. Сонымен қатар келген қонақтар кинодан бөлек түннің тамаша көрінісінен де ләззат ала алады. Ақ ұлпаның ауылы алыс болғандықтан, қысы-жазы келіп демалушылар саны да едәуір көп.  

Мәңгі жасыл мекенде орналасқан ерекше кинотеатрдың құрылысы да жақсылап ойластырылған. Жан-жағын қоршаған биік шың қатты дауыл кезінде қирап қалудан қорғайды. 

Түнгі уақытта толқындардың соғуы бәсеңдеп, су ортасындағы артық дыбыстың барлығы жоғала бастайды. Сол уақытта кинотеатр колонкасынан шығатын дыбыстар жаңғыру арқылы бойыңызға ерекше бір сезім сыйлайды. Мұнда келетін жандардың басым бөлігі туристер болғандықтан, костьюм киген жандарды да сирек кездестіресіз.

Бүгінгі таңда Тай елі өзінің керемет демалыс орындарының арқасында туристердің көптеп баратын мекеніне айналды. Сонымен қатар мұнда демалу үшін қалтаңыз да қатты жұқалай қоймайды.  

B. ZHAQSYMBET