Владимир Путин Уго Чавеске "Сталиннің итін" сыйға тартты

Владимир Путин Уго Чавеске "Сталиннің итін" сыйға тартты

Ресейдің президенті Владимир Путин өзінің венесуэльдік досы Уго Чавеске орыстың қара терьерінің (иттің бір түрі) үш айлық күшігін сыйға тартты. Ресми болмаса да, жақында бұл тұқымға "Сталинның иті" деген атау берілген болатын. 

«Роснефтидің» президенті Игорь Сечин Венесуэлаға жасаған осы сапарында ел тізгінін ұстап отырған Уго Чавеске Ресей президенті Владимир Путиннің атынан "Сталиннің итін" сыйлады. Ең бастысы, қап-қара күшік Уга Чавестің көңілінен шыққан сыңайлы. 

"Сталиннің иті" деген атаумен XX ғасырда эрдельтерьер, ротвейлер, ризеншнауцер тұқымдарының будандастырылуы арқасында дүниеге келген жаңа тұқым әскери мақсатта пайда болған екен. Кез келген ауа-райына төзе білетін итті сол уақытта Кеңестік Одақтың түкпір-түкпіріне жіберіпті. 

АҚШ-тың жанында жатқан кішкентай елдің көңіл-күйін табу көптеген елдің қолынан келе беретін шаруа емес. Патриоттық рухта тәрбиеленген досын орыс дейтін ормандай жұрттың иесі қатты қуантып тастаса керек...

сурет:e1.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига