Әлемдегі ең кішкентай саяхатшы

Әлемдегі ең кішкентай саяхатшы
Фото: pressa.tv
Әлем саяхатшыларының ішіндегі ең кішкентайы Бодхи Беннетт десек қателеспейміз. Себебі, 5 айлығында ата-анасымен тау кезіп, ғаламның көрікті мекендерінде болған сәби, екі жасына дейін көптің көрмеген ғажайып жерлерінде болған. Негізінен Калифорния тауларына жиі сапар шегетін америкалық отбасы өздерінің тұңғыштарын өзге біреудің қолына қалдырғанға қарағанда бірге саяхаттуды жақсы көреді екен.
Бодхи ең алғаш 5 айлығында әкесінің сөмкесінде жатып жаһанды кезуге шыққан.
Саяхатшы отбасы мен оның кішкентай ұлдары әлемдегі ең керемет мекеннің бірі солтүстік Невададағы Таусанд Айленд өзені мен Йосемити ұлттық саябағына да барып көрген. 

Анасы инстаграм әлеуметтік желісінен ұлының атынан парақша ашып, қызықты суреттерді жүктеп отырады. Соның арқасында зор танымалдылыққа ие болған жігіт көптеген жылы лебіздер алып жүр.
Бодхидің анасы тұңғышына жүкті болған кезінде де сүйікті саяхатынан қол үзбеген. Жақында ғана белгілі болғандай отбасы мүшелері тағы бір нәрестенің дүниеге келгенін күтіп жүр екен.
B. ZHAQSYMBET