Алқызыл түсті дельфин табылды (видео)

Алқызыл түсті дельфин табылды (видео)
Фото: billionnews.ru

"Естімеген елде көп" дегендей, АҚШ-тың Луизиана штатындағы Калказей көлінен алқызыл түсті дельфин көрінген. Шет елдің танымал әлеуметтік желісінде пайда болған видео көпшілікті таңғалдырды. Аталған су жануарының мұнда қалай тап болғаны әзірге жұмбақ күйінде қалды. Афалин тұқымының осы бір алқызыл түрін ең алғаш 2007 жылы Эрик Ри байқаған болатын. Олай болса қызғылт түсті дельфин қандай болатынын төмендегі видеодан тамашалай отырыңыздар.  

B. ZHAQSYMBET