Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Янцзы өзені қанды қызыл түске боялды

Янцзы өзені қанды қызыл түске боялды

Янцзы өзені қанды қызыл түске боялды

Орталық Қытайда орналасқан портты қала Чунциннің иелігіндегі Янцзы өзенінің бір саласы қанды қызыл түске боялып кеткен, деп хабарлайды РИА "Жаңалықтар".

Бұл қорқынышты көрініске алғаш жергілікті тұрғындар куә болған. Таңқаларлық көріністі тарихта қалатын оқиға деп есептеген қытайлықтар өзен суын бөтелкелерге құйып алған. Осылайша қытай тұрғындары қанды қызыл суды сақтап қоймақ.

Ресми өкілдіктегілер бұл оқиға жөнінде нақты пікір айта балмай отыр. Жергілікті халықтарды ғана емес, әлем жұртшылығының аузын ашқан таңданарлық оқиғаның себептерін анықтау барысында жергілікті билік аяғынан жаншылып іске кірісуде. Тағы да басқа мәліметтер легіне сүйенсек, өзеннің қанды қызыл түске боялған көрінісі тіпті Янцзыден алыс аймақтардан да байқалып, көзге түскен.

Сонда да жергілікті балықшылар кәсіптерін тоқтатпастан, «қызыл судан» балық ұстап жатыр екен.  

Қытай өзені Янзцы – Евразиядағы ең ұзын, әрі суы мол өзен. Сонымен қатар, суы қызыл түске боялып жатқан бұл өзен әлемде ұзындығы жөнінен үшінші орында.

Ішуге жарамды суаттардың суы мен теңіз суы тек екі жағдайда ғана түсін өзгертеді: қандай да бір микроағза шектен тыс көп мөлшерде көбейгенде және адамның әрекетімен ластанғанда.

АҚШ профессоры Эмили Стэнлидің жобалауынша, бұл жағдайға жоғарыда айтылған себептердің бірінші нұсқасы дәл келмейді. Ол микроағзалардың шектен тыс көбею процесінен кейінгі судың түсінің өзгертетініне шүбә келтірмейді. Тек ондай тіршілік иелері тұзды теңіздерде ғана өмір сүретінін алға тарта келіп, себепті басқа жақтан іздейді.  Оның ойынша, өзеннің  мұндай күйге шалдығуына адамдардың әрекеті кінәлі екен.

Бұл пікірді көбі оң қолдарын көтере қолдайды. Себебі портты қала Чунцин – ірі өнеркәсіп орталығы. Осы оқиғаға ұқсас жайт өткен жылдың желтоқсан айында да орнаған еді. Сол кезде жұрттың бәрін «ақырзаман жаршысы» болып шошытқан оқиғаға кінәлілер – жергілікті бояу шығаратын зауыт болып шыққан еді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: news.21.by

2814 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 09 қыркүйек 2012, 13:53
Пікірлер
+0
09 қыркүйек 2012, 18:29

ең соңғы сөйлемге қосылам

+0
09 қыркүйек 2012, 18:45

ужассс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...