Канадалық орангутандар iPad планшетін үйреніп жүр

Канадалық орангутандар iPad планшетін үйреніп жүр

Ғылыми зерттеулердің тікелей ықпалдастығының арқасында Канаданың Торонто зоопаркінде мекен ететін орангутандар iPad планшетін үйреніп жатыр, деп хабарлайды Maxisciences.

Аталған зерттеудің басы-қасында жүрген Ричард Циммерманның айтуы бойынша, орангутандардың зердесі кішкентай балалардың зердесіндей деп тұжырымдалғандықтан, iPad планшетінің балаларға арналған функциясы іске қосылып беріледі екен. Және "маймыл" деген аты болғандықтан планшеттердің корпусы қатты заттан жасалыныпты. Ең қызығы сол, айрықша қызығушылық танытқан орангутандардың 15-30 минут қолдарына ұстап, шұқылап көрулеріне мүмкіндік бар.

Зерттеу барысында маймылдарға YouTube-тан видеоролик көрген қатты ұнайтын болып шықты. Олар түгілі адамдарға ұнайтынын ескерген ғалымдар планшеттерді көбіне оқытып-тоқыту мақсатында қолданып, сурет салу, ән тыңдау секілді көптеген жаттығуларды орындатып жүр.

Ғалымдардың үміті бойынша күні-түні маймылдар тер төгетін болса, онда бірнеше жылдар көлемінде адамзаттың арғы аталары саналып келе жатқан сүтқоректілер байланысқа шығып, кез келген уақытта хабарласады-мыс.

Маймыл мен маймыл ұялы телефон арқылы әңгіменің майын тамыза айтып тұратын күн алыста шығар....

сурет:©REUTERS

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига