Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Антилопа шатқалы

Антилопа шатқалы

Антилопа шатқалы – Жер шарындағы таңқаларлық, аса қызықты, тіпті тылсым мекен десек, артық айтқандық емес. Арада ғасырлар өтсе де, шатқал адамзат баласын таңдандырып, тамсандырып келеді. Шатқал өзінің ертегідей өңірімен адамды әсем де, көрікті сұлулыққа тәнті етеді, көрген көзді еріксіз ынтықтырады.

Ұлы шебер Табиғаттың бұл туындысы құмды құздар мен адам сенгісіз сәулетті пішіндерге бай. Ашық-қызыл түсті құмдақтардан әдейі тұрғызылғандай көрінетін түрлі пішіндерді көрген сәтте, өзге планетаға өтіп кеткендей күйге енесіз.

Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап, еріксіз «неткен, ғажап!» деп аң-таң болмасқа шараңыз қалмайды.

Аталған табиғат тамашасы АҚШ-ның оңтүстік-батысындағы Аризона штатында орналасқан. Негізінде бұл мекен Навахо атты ежелгі үндіс тайпаларына тиесілі болған көрінеді.

Антилопаға ат басын тіреген туристер салық ретінде адам басына 20 доллар төлеп, қауіпсіздік үшін міндетті түрде жолбасшы тағайындап алулары керек. Бұл қауіптің негізі мынада жатыр, шатқал тіпті найзағайдың әсерінен де жанып кетуі мүмкін. Сондықтан, шатқалдың қыр-сырын жақсы білетін кісінің жаныңызда болғаны абзал.

Шатқал ерекше әрі сиқырлы кейіпке күн шуақты күндері және түс қайта енеді. Мұндай болуға тілек білдіретін адамдар, өз жоспарын көктем және күз мезгілдерінде жүзеге асырғандары жөн. Өйткені, осы маусымда күн сәулесі шатқалдың ішіне түсіп, сиқырлы сарайда жүздеген шырақтар жанып тұрғандай көрінеді.

Бүгінде әлем елдері Антилопа шатқалын әлемнің ең керемет мекені ретінде мойындап отыр.

Суреттер:heavenspot.us,vokrugmira.info,imwoman.ucoz.ru,cheaptrip.livejournal.com,roboraptor.tk

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7120 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 қыркүйек 2012, 12:27
Пікірлер
+0
08 қыркүйек 2012, 13:14

өте сұлу :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...