Көзіне жас алған өгіз туралы оқиға

Көзіне жас алған өгіз туралы оқиға

Гонконг қаласында орын алған мына бір оқиға көптеген жұрттың жүрегін дір еткізді. Қала қасапшысы күндегі әдеті бойынша мал бауыздауға кіріскелі жатқанда өз кезегін күтіп тұрған өгіздердің бірі тізерлеп жатып алып, көзіне жас алып, жылады.

Оқиғаға куә болған Билли Фонг осы турасында: "Адамдардың малда сезім жоқ деп ойлауы дұрыс емес. Бұл өгіздің көзінен жас ытқып, бала секілді жылады", - деп сұхбат берді. Бұл кереметке Биллиден басқа он шақты қасапшы куә болған. Бұл көріністі көрген олар да шыдай алмай жүректері елжіреп, көздеріне жас алыпты. Содан соң, малшылар өгізді бірігіп сатып алып, оны жергілікті будда харамына апарып тапсырды.

Осы туралы қасапшылардың бірі: "Бұл өгіздің кезегі келіп, есікке қарай сүйрей бастағанымда, ол тізерлеп жатып алды. Содан соң, жануардың көзінен ытқыған жас байқалды. Мен осы кезде әріптестерімді шақырып, малды көтерісіп жіберулерін сұрадым. Біз келген кезде өгіз әлі жылап отырды", - деді.

Фонгтың айтуынша, осыдан кейін қасапшылардың ешқайсысы өгізге қол жұмсауға дәттері бармайтындығын айтқан. Осылай жұртшылық ақылдаса келіп, сол жерде ақша жинап, жануарды сатып алып, жергілікті храмға апарып тастауды шешкен. Тіпті бұдан кейін де мал орнынан қозғалған жоқ. Сол кезде адамдардың бірі сиырдың қасына келіп, оған ештеңе болмайтындығын айтты. Содан кейін ғана жануар орнынан тұрып, қасапшылардың соңынан ерген. Фонгтың айтуынша, бұл оқиға жануарлардың да адамды түсіне алатындығының дәлелі.

Осылайша, қасапшылықпен айналысып жан бағып жүргендердің көбі бұл кәсіпті тастайтындықтарын айтты. Жануардың көзінен аққан жас олардың жүрегіне қатты әсер етіп, осы қадамға итермелеген екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: helenwrite.livejournal.com