Мына ғимараттарда тұрар ма едіңіз?

Мына ғимараттарда тұрар ма едіңіз?
Фото: depositphotos.com

Шатыры жабылған, терезесі, төрт қабырғасы бар үйде тұрғанға не жетсін?! Қиялында шек жоқ сәулетшілер бұл қағиданы өзгерткілері келіп, өзгеше ғимараттың жобасын жасап, құрастырған. Сонымен әлемдегі өмір сүругеға қауіпті ғимараттарды тамашалайық.

Қытайдағы аспалы ғибадатхана

Ғимараттың салынғанына 1400 жылдан астам уақыт болған. Ерекше ғибадатхана Шаньси провинциясындағы Хэн тауының жарқабағында орналасқан.

Лихтенштейн сарайы, Германия

Бұл – Шваб Альбысы жартасының үстінен салынған ерекше сарай. Ғимарат жер бетінен 817 метр биіктікте тұр. 1311 жыл соғыс әсерінен бұзылып, Уильгельм Урах есімді герцогтің бұйрығымен 1840-1842 жылдары қайта жөндеуден өткен.

Такасуги, Жапония

Наганода орналасқан бір бөлмелі үй. Талшын ағашының үстіне салынған. Терунобо Фухимори есімді сәулетші осы үйдің нобайын жасап, өзі тұруы үшін салып шыққан екен. 

Астра мұнарасы, Германия

Мұнара Гамбургта орналасқан шіркеудің жанына 1450 жылы қосылып салынған. Содан бері ғимарат жыл сайын еңкейіп бара жатыр. Инженерлер бұл құбылысты шектен тыс үлкен ылғалдылықпен байланыстырады.

Сутягин үйі, Ресей

Бизнесмен Сутягиннің бұл үйі 2008 жылы өрт шығу қаупі жоғары деп танылды. Нәтижесінде ғимараттың бір бөлігі құлатылған. Ал қалған бөлігінің 4 қабаты 2012 жылдың 6 мамырында толығымен өртеніп кетті.

Пуэрта-де-Еуропа, Испания

АҚШ пен Испания бірігіп салған мотель. Конструкция бір-біріне ұқсас 15 градусқа еңкейген екі мұнаралық ғимараттан тұрады. 26 қабатты қос үйдің биіктігі 114 метр.

Метеора шіркеуі, Грекия

Ортағасырлық шіркеу Грециядағы таулы аймақта салынған.

Wo Zo Co бақшасы, Голландия

Бақша стилінде салынған қаланың бастапқы сызбасында бір блокта 87 пәтер болады деп жоспарланған еді. Дегенмен бұл пәтерлерге сұраныс аса жоғары болмаған. Сондықтан жерді үнемдеу мақсатында фасадтың солтүстік бөлігіне тағы 13 пәтер қосылып салынған.

Пиза мұнарасы, Италия

Пиза қаласындағы қоңыраухананың құрылысы 1173 жылы басталған. Дегенмен бес жыл уақыт өткеннен кейін жердің жұмсақтығының себебінен 16 000 тонналық мұнара оңтүстік-шығысқа қарай еңкейе бастады. Бұл процес әлі күнге дейін жүріп жатыр.

Capital Gate, БАӘ

Абу-Дабидегі 160 метрлік мұнара батысқа қарай 18 градус еңкейіп тұр. Айта кетелік, бұл көрсеткіш Пиза мұнарасының еңістігінен 5 есе көп.

Е. Жұмабайұлы