Дөңгелекті қонақүй

Дөңгелекті қонақүй

Мекен жайы жоқ қонақүй... Түсінбей қалған боларсыз. Саспаңыз. Естімеген елде көп демекші, ондай да бар екен! Әлемдегі ең салтанатты қонақүйлердің бірі саналатын мекеменің мекен жайы болмаса да, атауы бар: Maharaja Express(«Князьдер поезды»).

Қонақүй күн сайын рельс бойына түсіп алады да, әлемнің о шеті мен бұ шетіне сапар шегіп отырады. Неге дейсіз бе? Өйткені ол қонақүй ғана емес, әлемдегі ең қымбат және ең салтанатты поезд болып та табылады.

Үнді темір жолының жасы әжептеуір үлкен. Оның Үнді халқына аянбастан қызмет етіп келе жатқандығына бір жарым ғасырдың жүзі болған. Ал, салтанатты поездың пайда болғандығына небәрі екі жылдың жүзі ғана. «Дөңгелекті қонақүйдің» жолаушысы атау үшін күніне 800 доллар төлеп тұруыңыз қажет.

Төлеген  ақшаңыз үшін, заманауи және шығыстық үлгіде безендірілген бөлмелерде демалып, дәмі тіл үйірер тегін тағамдармен тамақтана аласыз. Әрбір бөлме салқындатқыштармен,  теледидармен,  DVD- плеерлар және телефондармен қамтамасыз етліген. Және де арнайы гараждарда өз автокөлігіңізді алып жүре аласыз.

Аталған ерекше поезд-қонақүй төрт  бағытта жүреді: Үндістан Князьдігі, Патшалық Үндістан, Классикалық Үндістан, Аспан асты Үндістан. Осы бағыттар арқылы күллі Үндістан жерін аралап, Тәж-Махалдың қонағы болуыңызға әбден болады.

Суреттер:vip-tourism.ru,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева