Қоғамдық көлік іші мұражайға айналады

Қоғамдық көлік іші мұражайға айналады
Фото: boredpanda.com

Францияда өнерді насихаттау мақсатында мынадай игі бастама көтерілген екен. Қоғамдық көліктерді сурет өнеріндегі таңдаулы туындылармен безендіріп, тұрғындарды көркем мәдениетпен кеңінен таныстырмақ. Франциядағы теміржол басқармасы да бұл бастаманы қолдап отыр екен. Идея авторлары перфекционизм бағытындағы суреттерді таңдамақшы.

Түрлі түске ие болатын қоғамдық көліктер мен пойыздардың іші адамдарды жалықтырмайды деп сендіреді бастама ұсынушылар. 

Мұндай бастама бізге де керек секілді, қалай ойлайсыз?

Г. Берік