Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Қабыршақтармен көмкерілген көк теңіздер

Қабыршақтармен көмкерілген көк теңіздер

Қабыршақтармен көмкерілген көк теңіздер

Сұлулық пен тазалықтың иісі мүңкіп тұратын, бір қарағанда шегі мен шеті жоқ болып көрінетін көк теңіздің жағалауында серуендегенді кім ұнатпайды дейсіз? Біреулеріміз жалаң аяқ ыстық құмды басып жүргенді, енді біріміз майда малта тастарды ұнатсақ, келесіміз теңіз толқындарымен арпалысқанды қалап тұрамыз.

Мұның үшеуін де кез-келген теңізден таба аласыз. Ал ұлу қабыршақтары кілем секілді төселіп жатқан ақ жағалаулы теңіздерді көру кім-кімге болсын бұйыра бермейді. Өйткені мұндай теңіздер әлемде төртеу ғана.

Қабыршақтар –  көк теңіздің нышаны екендігін дәлелдейтін алғашқы ақ жағалау - Австралияның батысында орналасқан. 12 шақырымға дейін созылып жатқан қабыршақтар кілемін көргендер естерінен айырылып жатады.

Екінші бір сұлу өлке – АҚШ-тың Флорида штатындағы Санибел теңізі. Жергілікті тұрғындар бақалшықтарды естелік зат ретінде сатып, күн көреді екен. Бұл жерге ат басын бұрған болсаңыз, ең таңдаулы экспонаттар қойылған қабыршақтар мұражайының куәгері болу мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар жағалау маңында жыл сайын қабыршақтар жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Қабыршақтар мекенінің екеуімен таныс болдыңыздар, келесі екеуі Оңтүстік Африка жерінде орын тепкен. Олар - St Barts Shell Beach және Jeffreys Bay теңіздері. Мұнда келетін туристер бақалшықтардың көркіне көз тастап қана қоймай, сирек кездесетін теңіз өнімдерінен дәм татады. Jeffreys Bay теңізінде әр жылдың қыркүйек айында қабыршақтар фестивалі өткізіліп тұрады.

Әрине, шет елдерден естелік ретінде әкелінген және қала дүкендерінен сатып алынған бақалшықтар жақсы-ақ. Алайда, жаныңа тыныштық тарту ететін көк теңіздің жағалауында аяқ-киіміңізді лақтырып жіберіп, жақындарыңызбен жарыса жүріп қабыршақтарды өзіңіз тергенге не жетсін!?

Суреттер:pantikapei.ru,kirenisch.ru,polyvore.com,egil-belshevic.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2515 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 тамыз 2012, 11:30
Пікірлер
+0
22 тамыз 2012, 14:18

Күшті! Бірақ аяқтарға кіріп кететін шығар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев