Нико құжаттағы суретке сүзгі киіп түсті

Нико құжаттағы суретке сүзгі киіп түсті

Австрияның Нико Альм есімді тұрғыны құжатындағы суретке басына сүзгі киіп түсті. Иә, кәдімгі ас үйде пайдаланатын, тағамды сүзуге арналған сүзгі (дуршлаг) 

Бірақ бұл құқығына қол жеткізу үшін азамат 3 жыл бойы құқық қорғау органдарына арыз жазып, күресуге мәжбүр болған. Басына сүзгі киіп тұрған адамды көрген көлік мектебінің басшылығы қатты таңырқаған. Тіпті Никоны психикалық ауытқуы бар адам деп ойлап, оған көлік жүргізуге құқық беретін куәлікті табыс етуден бас тартқысы келген екен. Дегенмен Нико тиісті органдардан ақыл-есінің дұрыстығы туралы анықтама алғаннан кейін күдіктенушілердің куәлікті бермеуге амалы қалмаған.

ва

ва

Бар гәп мынада. Нико Альм жаңадан пайда болған пастафарианизм дінінің өкілі болып шықты. Бұл жердегі Паста - итальяндық тағамның аты. Діннің философиясы адамды жұмыс жасамауға баулу. Бұл культ біраз уақыт бұрын әзіл ретінде америкалық студенттердің идеясымен пайда болған. Бұл қалжыңбас жастар өздерінің құдайы ретінде ұшатын спагетти құбыжығын таңдап алған екен. Ал сүзгі, өз кезегінде дін өкілдерінің қасиетті құралы болып табылады.

Осыны желеу етіп Австрия азаматы өзінің бұл "бас киімсіз" жүріп-тұра алмайтындығын айтып, шарқ ұрған. Мемлекеттік құжатқа да осы қалыпта түсу ниетін білдірген ол мақсатына жетіп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: enta.ru, subscribe.ru