Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізімінде

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізімінде
Фото: massaget.kz

Үшінші жыл қатарынан Сингапур әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Бұл туралы Economist Intelligence Unit (EIU) британиялық ғылыми-зерттеу  орталығы хабарлады. Сарапшылар рейтинг жасау кезінде 160 тауар мен қызмет түрін ескерген.

Екінші орында Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында Гонконг (Сянган) қаласы орналасты. Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.

Ең арзан мегаполистерге Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондықта Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) қалалары кірді.

Дереккөз: inform

С. Ерсін