Жалғыз саяхаттауға жайлы елдер

Туристер дауыс беру арқылы әлемде саяхатшылардың жалғыз жүріп аралауды ұнататын елін таңдады, - деп хабарлайды moya-planeta.ru сайты.

Дауыс беруге дүниежүзінен 16 мың адам қатысқан. Қорытынды жасаған US News & World Report сайты жалғызбасты туристердің сүйікті елі Испания екендігін жария етті.

Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы деректеріне сәйкес, Испания 2014 жылы әлемдегі ең атақты туристік бағыттардың арасында үшінші орынды иеленген. Сол жылы онда 65 миллион турист барған. Испания Еуропада туристік саладағы кірісі бойынша бірінші орындағы ел. Испания бай тарихы, мәдениеті және тіл үйірер ерекше асханасымен туристерді өзіне тартады. Сонымен қатар, бұл ел - әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің бірі. ЭЫДҰ деректеріне сәйкес Испанияда кісі өлімі қылмысы 100 мың адамға шаққанда 0,6 ғана.

Жоғарыда аталған елдер рейтингісінде, екінші - Италия, үшінші - Австралия тұр. Төртінші орында - Жаңа Зеландия, ал бірінші бестікті Бразилия аяқтайды. Ал Қазақстан бұл тізімде 58 орынға тұрақтаған.