Британиядан сым жеуге құмар сәби табылды

Британиядан сым жеуге құмар сәби табылды

Британияның Престон қаласынан сым жеуге құмар сәби табылды. Бұл туралы The Sun агенттігі хабарлады.

Баланың анасы Кейт Джарвистің айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын алғаш рет ұлының телефон қуаттағышының сымын жеп жатқанын көріп шошыған. Содан соң сәбиді бірден жергілікті ауруханаға жеткізген ата-ана ұлының денсаулығына ешқандай қауіптің жоқтығын білген. Жүргізілген тексерулерден соң пациентке Pica синдромы диагнозы қойылыпты. Бұл сәбидің бейорганикалық заттарға тәбетінің жоғары екендігін білдіреді.

Медиктер бұл дерт тікелей психикалық ауытқуларға байланысты екендігін айтуда. Қазіргі кезде аталған аурудың емі табылған жоқ. Тек арнайы препараттар арқылы адамның бұл "тәбетін" уақытша тұншықтыруға болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.thesun.co.uk