Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ақшалы ағаш

Ақшалы ағаш

Ақшалы ағаш – алуан түрлі пішінге ие және бір қарағанда тиыннан жасалған көйлек киіп алғанға ұқсайтын, Англия жерінде өсірілетін жасаңшөпті өсімдік. Ұзын құлақтың айтуынша, ағаштың сәттілік алып келетін ерекше қасиеті бар екен, алайда біздің елде оны тек қана үй жағдайында өсіре аламыз. Ал, ағылшындықтар кез келген өсімдікті ақшалы ағашқа айналдыра алады және мұны ешқандай инженериясыз жүзеге асыру мүмкіндігіне ие. Қалай дейсіз ғой? Олар жай ғана тиындарды ағаштарға түйреп жүреді екен.

Ірі қалаларға таяу орналасқан ағылшын ормандарында ұзақ жылдар бойы өте қарапайым, айнласына зияны жоқ, бейғам ағаштар өсіп тұрды. Күндердің күнінде осы ағаштардың жанынан өтіп бара жатқан бір бейтаныс жолаушыға ағаштың жұмсақ қана қабығына тиынды қағып кіргізу деген ой сап ете қалады. Дәл осы минуттан бастап, бейғам ағаштардың тағдырлары өзгеріп сала береді. ХVІІІ ғасырдың өзінде бақуатты шотландықтар ақша құю оларға денсаулық пен бақыт әкеледі деген үмітпен өсімдіктерді алтын флориндермен безендіре бастаған екен. Ағылшындықтар жаңғыртқан жаңа дәстүрдің негізгі бастауы осы болар, сірә!?

Англия жеріне ақшалы ағаш өсіру сәні қашан келгені белгісіз.Тіпті, тиын-тебенді ағашқа енгізу кімге пайдалы екендігін де ешкім дөп басып айта алмайды. Десе де, олардың саны күн өткен сайын көбейіп келеді.

Алдыңыздағы суреттерге қарап отырып, ағаштарға жаныңыз ашып кетті ме? Абыржымаңыз, мұндай безендірулер ағаштарға ауыр емес, өйткені, ағаш қыртысы өсімдіктің өлі бөлігі болып табылады. Яғни, тиыннан пайда болған өрнектер – сіздің тырнақтарыңызға салынатын сурет іспетті.

Ақшалы ағаштардың басым көпшілігі – Камбрия графтығында орын тепкен екен.

Естімеген елде көп деген осы болар. Қолдан жасалған ақшалы ағаштарға қарап отырып, Англияны "Еріккендер Елі" деуге келмес. Бірнеше жылдардан соң, осы бір қаржы шығармашылығының ағылшындық дәстүрге айналып кетпесіне кім кепіл?

Суреттер:ziza.qip.ru,fishki.net,3dipe.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3029 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 13:57
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...