Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Саяхатқа шықпас бұрын

Саяхатқа шықпас бұрын

Саяхатқа шықпас бұрын

Сіздің кезекті демалысыңыз немесе көптен бері армандап жүрген саяхатыңыздың қалай өтетіні тек өзіңізге байланысты. Сондықтан да жолға шықпас бұрын, мына мәселелерге зер салыңыз.

Шабадан

Шабаданға тек қажетті дүниелерді салыңыз. Жолға шықпас бұрын дәрі-дәрмек, көзілдірік, сүлгі т.с.с. қажетті дүниелердің тізімін жасап, мүмкіндігінше, толықтырып я азайтып отыру керек.

Көлік құралы

Саяхатқа шықпас бұрын қандай көлікпен қатынайтыныңызды анықтап алыңыз. Жеке автокөлігіңіз болса, оны алдын ала техникалық тексеруден өткізіп, алыс жолға дайындаңыз. Ұшақ, пойыз, автобус болса, өзіңізбен бірге жолда қажет болатын дүниелерді алыңыз. Сапарда теңіз ауруына шалдықпас үшін алдын ала дәрі-дәрмек қабылдаңыз.

Қонақүй

Қонақүй таңдамас бұрын оның жарнамасындағы ақпараттың анық-қанығын біліңіз. Сондай-ақ, таңғы ас, жаттығу құралдары, қонақүй қандай қызмет көрсететіндігін біліңіз.

Ас-ауқат

Қонақүйде таңғы ас жалпы төлем есебінен алынады. Ал түскі мен кешкі асты қонақүйде ғана емес, жергілікті дәмханалардан ішуге болады. Ол үшін алдын ала олар туралы ақпарат алып алыңыз. Туристер көп шоғырланған дәмханаларда тамақ бағасы қымбат әрі шайпұл беруге міндеттелген. Сондықтан көпшілікке аса танымал емес әрі бағасы арзандау дәмханаларға барыңыз.

Уақытты қалай өткіземіз?!

Жергілікті көрікті мекендер мен дүкендерді аралап болғаннан соң, бос уақытты қыдырумен өткізуге болады. Ол үшін өзіңізбен бірге ескерткіштер мен саябақтар көрсетілген карта алып алыңыз. Жергілікті тұрғындармен танысып, араласыңыз. Көше музыканттарының өнерін тамашалаңыз.

Құжаттар

Өзіңізбен бірге шетел төлқұжатын, медициналық сақтандыру куәлігін, жол жүру билеттерін, карта, қажетті телефондар жазылған кітапша, сөздік алып жүріңіз. Құжаттарыңыздың бірнеше көшірмесін жасап алыңыз. Жолға шықпас бұрын, құжаттарды сканерден өткізіп, оларды электрондық пошта жәшігіңізге сақтап қойыңыз. Ол құжаттарыңыз бен ақшаңыздан айырылып қалған жағдайда қажет болады.

Ақша

Өзіңізбен бірге белгілі бір мөлшерде шетел валютасы мен төлем не несие картаңызды алып жүріңіз.

Ауа-райы

Барар елдің бір апталық ауа-райын біліп, күн температурасына қарай киініңіз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 қазан 2018, 10:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->