Германияда "өшпенділік желісі" іске қосылды

Германияда "өшпенділік желісі" іске қосылды

Енді Германияның ашуы алқымға келіп, тасып-төгілейін деп тұрған кез келген тұрғыны "өшпенділік желісіне" хабарласып, ойына келген бейапыл сөздерін айтып, жанын сала ұрысып, айқайласа алады. 

Аталған идея, яғни телефон желісі Ральф Шульте мен Александр Бранденбургтің иелегіне жатады. Қос жарнамашының сөзіне сенсек, кейде адамдардың ашуы алқымға келіп, шамадан тыс асқынып кетеді екен. Сол себепті де екі азамат адамдардың бар ашуын шығарып тұруын дұрыс көріп, нәтижесінде "өшпенділік желісін" ойлап тапқан. 

Бірақ, "өшпенділік желісі" бірнеше күндер бойына жұмыс жасаумен ғана шектеледі. Операторлар тәулігіне 16-18 сағат байланыста отыратын болады. 1 евро 49 цент үшін "өшпенділік желісінің" қызметкерлері қандай да бір ашу болмасын, тыңдап, түсінуге тырысады.  

Айта кетсек, көптеген неміс тұрғындары "өшпенділік желісіне" қарсы екен. Олардың ойынша телефон желісі арқылы бүкіл эмоцияны сыртқа шығару дұрыс емес. Бүкіл қиындық бұнымен шектелмейтінін ескеріп, керісінше одан бетер асқындырып жібереді деп ойлауда. 

Сурет:guardian.co.uk

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига