Қазақстандықтар Түркия, БАӘ, Болгария мен Қырғызстанға жиі барады

Қазақстандықтар Түркия, БАӘ, Болгария мен Қырғызстанға жиі барады
Фото: tr-kazakhstan.kz

Қазақстандықтар арасында ескі туристтік бағыттар сұранысқа ие болып отыр. Олардың арасында, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария мен Қырғызстан бар. Биыл Түркияға 200 мыңдай қазақстандық барып қайтуды жоспарлап отыр. ТМД елдеріне 50 мыңдай адам барады.

Балжан Билялова, Қазтур туроператорының сату бөлімінің бастығы:

- Өткен жылмен салыстырғанда туристтердің саны 10-20 пайызға қысқарып кетті. Бұл Түркия бойынша ақпарат. Себебі, қазақстандықтардың дені Түркияға барады.

Өткен жылы Түркияға 440 мың адам барғандығын еске саламыз. Соңғы 2 жылдың ішінде Еуроодаққа мүше Болгария мен Черногорияға барушылардың саны артты. Осы бағыттар бойынша, туристтер жиі алдын-ала билеттерді сатып алады. Осылайша, турдың құнын біршама төмендетуге мүмкіндік бар. Себебі, алдын-ала сатып алу кезінде жеңілдіктің ауқымы 40 пайызға жетеді. Алайда, барлығы туристтің баратын еліне байланысты болады.

Балжан  Билялова, Қазтур туроператорының сату бөлімінің бастығы:

- Биыл біз Грекия, Испания мен Италияға барушылардың саны артып отырғандығын көріп отырмыз. Бұған бірінші кезекте, турдың қолжетімділігі әсер еткен. Және бір жерде демалғанды ұнатпайтын туристтер де жаңа бағыттарға құмар болады.

Қазір көп жағдайда қазақстандықтар экзотикалық турларды таңдап отыр. Мысалы, елде ғарыш турларына сұраныс артқан. Байқоңыр космодромынан жылына 20 рет зымыран ұшады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Канавералдың көрсеткіші 2 есеге төмен. АҚШ-та да аталған демалыс жоғары сұранысқа ие. Тағы бір танымал турдың ішіне, ғарышқа шегетін сапарлар да бар.

Дереккөз:kazakh-tv.kz

Н. Нұрмаханұлы