Алматы туристері енді Ыстық көлге 30 минут ішінде жете алады

Алматы туристері енді Ыстық көлге 30 минут ішінде жете алады

Ыстық көл облысының Тамшы ауылында сыйымдылығы 102 орындық Як-42 ұшағын қабылдай алатын халықаралық әуежай ашылды. Аталған рейс тамыз айының  соңына дейін қызмет атқарады деп жоспарлануда. Әуе тасымалдары аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) SCAT компаниясымен жүзеге асырылатын болады. Аталған рейспен барып-келу құны 250 долларды құраса, бір бағытқа -150 доллар. 

Айта кетсек, "Ыстық көл" әуежайы Як-42 ұшақтарын қабылдай алуы үшін "Манас" халықаралық әуежайы (МХӘ) 18 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Оның алты миллионы 500 метрлік ұшу алаңына бөлінді. 

Қырғыстан республикасы көлік және коммуникация министрінің орынбасары Шералы Абділдаев әуежайдың жаңартылуы Ыстық көл облысындағы туризмнің дамуына елеулі импульс болатынына сенімді екенін де білдірді. 

"Ыстық көл" әуежайы келешекте 215 адам тасымалдай алатын Боинг-737 секілді ұшақтарды қабылдай алуы үшін қазіргі кезде МХӘ әуежайдың ұшу алаңын ұзарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қырғыстан өкіметінің есептеуінше, аймақтық әуежайлар мен республикалық туристік саланы дамытуға жалпы 68,5 миллион доллар қажет көрінеді. 

Естеріңізге сала кетелік, "Алматы - Тамшы - Алматы" рейсі бұдан бұрын да қызмет көрсетіп келді. 2011 жылдың шілде-тамыз айларында 36 сапар жүзеге асырылды. Алайда өткен жылы жолаушылар 48 орындық Ан-24 ұшағымен ғана тасымалданды. 


Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: aif.kg

Ж. FM