Үндістандағы түрлі-түсті құмырсқалар

Үндістандағы түрлі-түсті құмырсқалар

Сіздің жеген тамағыңыз - сіздің өзіңіз. Оның айқын дәлелі ретінде мына суреттегі құмырсқалар кепіл бола алады. Үндістандық бір ғалым тауып алмағанда айтып жүрген сөзіміздің кереметтей мағынасына, байыбына бара алмас та едік?! Ол да мүмкін. Қысқасы, мына құмырсқалар өздеріне керек түстерді өздері анықтай алады. 

Оңтүстік Үндістанның 52 жасар ғалымы Мохаммед Бэбу ойламаған жерден бір қызыққа тап болыпты. Яғни, үйінің жанындағы құмырсқа үйшігінен кіріп-шығып жүрген түрлі-түсті құмырсқаларды көреді. Содан оларды үйіне алып кіріп, "қонақ" қылады. Әлі болса да түсіне алмай, неден бастарын білмей отырады. Жаңалықты ашуға әйелі көмектеседі. Әйелі бастапқыда құмырсқаларға сүт құйып берген екен. Бір уақытта екі ерлі-зайыпты қараса, құмырсқалар ақ түсті болып кетіпті. Содан не керек түрлі-түсті қант шәрбаттарын беріп, нәтижесінде құмырсқалар ақ, сары, қызыл, жасыл түстерге айналып шыға келген. 

Мына суреттер сол сәтте-ақ фотоаппаратқа түсіріліп алынған. Зерттеудің тағы бір анықталғаны, құмырсқалар түрлі-түсті бояудағы сұйықтықтарды жақсы көреді екен. Тек таңдау мүмкіндіктері болып жатса...Ал қараңғыда қызыл сияқты ашық түстерге енгенді қалайтын болып шыққан.


Дайындаған: Фараби Бақыт

сурет: mirfactov.com

Л. Лига