Ұшақ неге ең қауіпсіз көлік түрі?

Ұшақ неге ең қауіпсіз көлік түрі?

Қарапайым адамдар ең қауіпсіз көлік түрі деп пойызды немесе су кемесін айтады, алайда ол қате пікір. Статистикаға жүгінетін болсақ, қарапайым адамдар мен сарапшылардың пікірлері екі бөлек келеді. Ең қауіпсіз көлік түрі – ұшақ. Ал одан кейінгі жетекші орындарды су, теміржол, құрлық көліктері алады. Үнемі пайдаланып жүрген темір тұлпарымыз өте қауіпті қозғалыс транспорты болып тіркелген.

Әуе ұшағына деген сенімсіздік әуе апатының болуына байланысты туындаған. Алайда әуе апаттары құрлық көліктеріне қарағанда бірнеше есе аз орын алады. БҰҰ-ның санағы бойынша, ұшақ әрбір миллионыншы ұшып өтуде бір-ақ рет апатқа ұшырайды немесе техикалық келеңсіздіктерге жолығады. Егер мұны жай көлікпен салыстырсақ, әлдеқайда тиімдірек екенін байқайсыз. Ұшақ апатының 50% жағдайы пилот жіберген қателіктерден болады, 7%-да басқа экипаж мүшелерінің себептерінен туындайды, 22%-ы техникалық ауытқулар, 12%-ы ауа-райының қолайсыздығы, 9%-ы қасақана жасалады.

Сарапшылар ұшақ апаты кезінде бір миллион адамның тек сегізінің ғана көз жұму мүмкіндігі бар екендігін есептеп шығарды. Мысалы, егер ұшаққа фобиясы бар кісі ұшаққа мінетін болса, әуе апатына ұшырауына 21 жыл уақыты кетеді. Мамандар осы сараптамаларды негізге ала отырып, ұшақты ең қауіпсіз көлік түріне жатқызған.

1. Әуе көлігі – ең қауіпсіз көлік түрі.
2. Бүкіл дүниежүзінде әрбір 3 секундта бір ұшақ (кез келген ұшақтың түрі) жерге қонады.
3. Егер әуе апатының күндегі апатқа ұшырау мүмкіндігі 0,01% деп алатын болсақ, онда әлемде күніне кемінде 13 ұшақ апатқа ұшырайды.
4. Ұшақ әрбір ұшу кезінде міндетті түрде техникалық тексерістен өтеді.
5. Әуе апаты ешқашан өздігінен болмайды, себебі оған міндетті түрде белгілі бір сынықтардың топтасуы әсер етеді.
6. Бүкіл әлемнің 80%-нан көбі әуе қабатына шығуға қорқады, ал 5%-ы ұшудан мүлдем бас тартады. Олар ұшақтан гөрі жер, су транспорттарын жөн көреді. 
7. Ұшақпен ұшудан қорқатын адамдарды «әуе фобиясы» деп атайды.
8. Ұшақ аспансеріктері жай қыздармен салыстырғанда екі есе көп ғашық болады.
9. Ұшаққа байланысты апатты жағдай болса, оның қызметкерлері бұл туралы жолаушыларға айтпайды. Тек апаттың бетін қайтару мүмкін емес болған жағдайда ғана айтуға құқылы.

Н. Нұрмаханұлы