Еуропаның ең әдемі 10 астанасы

Еуропаның ең әдемі 10 астанасы

Еуропаның қалалары туристерді өздеріне көп жинайды. Мұндағы қалалардың әдемілігі мен тазалығы, сұлулығы шынымен-ақ көздің жауын алып, өзіне ғашық етеді.

Олай болса, алда келе жатқан еліміздің астанасы күніне орай Еуропаның да ең сұлу астаналарының рейтінгісімен танысып шығуды ұсынамыз.

1. Прага

Чехия астанасы Прага Влтав өзенінің бойында орналасқан. 2013 жылғы санақ бойынша қалада 1,3 миллион адам тұрады. Мұнда демалуға келетін туристердің көптігі соншалық, 2012 жылы қалаға 5,4 миллионға жуық турист келіп, саяхаттап кеткен екен.

ва

Прага, Влтав өзені, Карл көпірі

ав

Түнгі Прага

2. Париж

2014 жылғы санақ бойынша, Франция астанасы Парижде 2,274 миллион адам өмір сүретіндігі анықталған. 

ва

Париж, Лувр

Қала біздің заманымызға дейінгі 3 ғасырда кельттік тайпа Паразиялардың қолымен негізі қаланған.

ва

Париж, Эйфель мұнарасы

3. Рим

Италияның астанасы Рим қаласы Тибр өзенінің бойында орналасқан. 

ва

Рим, Треви субұрқағы (фонтаны)

Оның басқа Еуропаның қалаларынан айырмашылығы сол, жаңа қала ішіндегі құрылыстардың ширек бөлігі ежелгі заманнан бері келе жатқан тарихи мұра болып табылады.

df

Рим, Колизей

4. Вена

Австрия астанасы Венада шамамен 1,73 миллион адам өмір сүреді.

ва

Вена, Хофбург сарайы

ва

Вена, Қалалық ратуша

Айта кетелік, бұл қала Нью-Йорк пен Женевадан кейінгі БҰҰ-ның үшінші қала-резиденциясы болып табылады.

5. Лондон

Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның астанасы Лондон қаласында 2012 жылғы санақта 8,3 миллион адам өмір сүретіндігі анықталған. Еуроодақ территориясындағы үлкендігі жөнінен екінші қала болып табылады.

ва

Лондон

Қаланың экономикасы мемлекет экономикасының бестен бір бөлігін құрайды.

ыв

Лондон, Темза өзені

Қала біздің заманымыздан 43 жыл бұрын римдіктердің Британияға басып кіргенінен кейін Лондониум деген атпен бастап салынып, негізі қаланған.

6. Мәскеу

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде тұратын халықтың саны 2014 жылғы санақ бойынша 12 108 257 адам екендігі анықталған.

ва

Түнгі Мәскеу

ва

Мәскеу, Кремль

Қала теңіз деңгейінен 156 метр биіктікте орналасқан.

7. Амстердам

Нидерланды астанасы Амстердамда 801 847 адам өмір сүреді.

ва 

Амстердам

Сонау 1814 жылдан бері корольдіктің астанасы болып келеді.

ва

Түнгі Амстердам

Қала атауы екі сөздің қосындысынан құралған. "Амстел" – қала ішімен ағып жатқан өзеннің аты болса, "Дам" – бөгет деген мағынаны береді.

8. Будапешт

Будапешт Венгрияның астанасы, әрі елдегі ең ірі қала болып табылады. 2011 жылғы санақ бойынша, онда 1,8 миллион адам өмір сүреді.

ук

Будапешт, Король сарайы

1873 жылы екі венгрлік қаланың бірігуінен Будапешт құрылған. Олар: Дунай және Буда өзендерінің шығыс бөлігінде орналасқан Пешт және Дунай өзенінің батысында орналасқан Обуда қалалары.

а

Будапешт

Бұнда қыс мезгілі әрі қысқа, әрі салыстырмалы түрде жылы болса, жазы ұзақ әрі ыстық.

9. Стокгольм

Швеция астанасы Стокгольм Меларен көлін Балтық теңізімен қосатын ағыс бойында орналасқан.

ва

Түнгі Стокгольм

Бұнда 871 952 адам тұрады. Бұл бүкіл елдің 22%-ы.

ва

Стокгольм

Қала тұрғындарының көпшілігі қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

10. Осло

Рейтингінің соңында Норвегияның астанасы Осло қаласы орналасқан. Бұл қала туристерді өзінің сұлулығымен тартады.

ва

Осло

ыв

Осло маңындағы демалыс орны

Бұл қалаға саяхаттап барар болсаңыз, дельтапланмен ұшып, салға мініп, өзен бойымен жүзіп және мұздықтарға саяхат жасап, қызыққа батуыңызға болады. 

Дайындаған: Елбарыс Махамбет

сурет: europe-today.ru, rbc.ru, praga-praha.ru

Е. Қайрахан