Екі жылдан кейін туристер ғарыш әлеміне әуе шарымен ұшады

Екі жылдан кейін туристер ғарыш әлеміне әуе шарымен ұшады

"World View" ғарыштық  жекеменшік  компаниясы 2016 жылға қарай туристерді аспан әлеміне  жақын қашықтықта ұшыруды жоспарлауда. Мұның ерекшелігі адамдар ғарыш әлеміне ғарыштық зымыранмен емес, алып көлемді әуе шарымен самғайтындығында.


Әуе шарымен жер бейнесін мыңдаған метр жоғарыдан тамашалап, көз қырын салам  деушілер стратосфераға шығу мүмкіндігіне 75 000 АҚШ долларын төлеуі тиіс. Компанияның ұсынған бағасын ақылға сыйымсыз деп санасаңыз, қатты қателесесіз, себебі әуе шары сізді 30 шақырым биіктікке алып барады. Бұл биіктікте әйгілі парашютші Феликс Баумгартнер жоғарыдан секіру санаты бойынша рекордтық есепке қол жеткізген. Алайда бұл көрсеткіш 30 000 метр биіктіктен сәл ғана асып тұр.

World View әуе шары туристердің екі сағат бойы максималды биіктікте аспанда серуендеуіне мүмкіндік беріп отыр. Осы уақытта жолаушылар Жер-Анамыздың ғарыш деңгейінде қара түске түнерген суретін көреді. Осылайша туристер тәжірибе жүзінде "Мемлекеттік Ғарыш Станция" айлағынан көрінетін жер-жаһан кескінін бақылайды. Егер бұл жоба шын мәнінде жүзеге асатын болса, қарапайым халық ешқандай дайындықсыз-ақ ұшатын болады.

Оқи отырыңыз:

Жылан массажы барын білесіз бе?

Ауа-райы болжамы қалай жасалады?

2014 жылдың ТОП-10 Еуропа жағажайы

Алматыда армансыз шомылуға болатын орындар

 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:mirfactov.com,mozg-i

Н. Нұрмаханұлы