Ladybower - әлемдегі ең әдемі су қоймасы

Ladybower - әлемдегі ең әдемі су қоймасы

Әлемдегі ең қызықты жерлердің бірі - Ladybower су қоймасы.

Ladybower су қоймасы өзінің воронка тәрізді суағарымен танымал. Ол Дербишир графствосында орналасқан. Мұндай формадағы суағытқыш әлемдегі жалғыз ең үлкен суағытқыш.

Ladybower Ashop және Derwent өзендері құятын Y-пішінді сұйыққойма. Оның ұзындығы 5 километрге жуық. Ерекше су қойманың құрылысы 1935 жылы басталған, алайда, Екінші Дүниежүзілік соғысқа байланысты су қойманың толуына, дамба мен Ashopton және Ladybower виадуктерінің құрылысына көп уақыт жұмсалды. 1945 жылы 25 қыркүйекте болған ашылу салтанатына Король Георг VI мен Елизавета ханым қатысқан еді.

Бөгет жобасында диаметрлері 24 м және 4,6 м болатын екі суағар қарастырылған. Бұл суағарлар су толып, артық су "бетон құдықтың" жиегін жапқанда өте ғажап көрінеді.

Сурет: alldayplus.ru

Ж. FM