Заманауи архитектура әлеміндегі ерекше самалдықтар

Заманауи архитектура әлеміндегі ерекше самалдықтар

Оқырман назарына әлемдегі ең әдемі самалдықтар топмасын ұсынамыз.

1. Самалдық - бассейн

Мұндай батыл шешім архитекторлардың арқасында Мумбай қаласындағы 37 қабатты үй - Aquaria Grande-ге қолданылған. Тұрғын үй кешенінде сонымен қатар, 200 пәтер, 3 деңгейлі автокөлік тұрағы, тренажер залы және сауна бар.

2. Жерасты самалдығы

Самалдық идеясының авторы жапондық архитектор - Юкихару Судзуки. Осы самалдықтың бір ерекшелігі - самалдыққа үй ішінде орналасқан жерасты туннелі арқылы шығуға болады.

3. Уиллис-Тауэр  самалдығы 

Егер биіктіктен қорқатын болсаңыз, онда бұл самалдық сіздің көңіліңізден шықпайды. Ол Американың ең биік ғимараттарының бірінде, яғни 103 қабатты үйде орналасқан және түгелдей терезеден жасалған.

4. VM House самалдығы

VM House - ол V және M әріптері формасымен тұрғызылған тұрғын үй. Оның концепциясы қызметі мен тиімділігіне негізделген. Аталған тұрғын үйдің айқын ерекшеліктерінің бірі ол самалдықтарының V әріпті болуында. Мұндай конструкция әрбір пәтерге күн көзінің максималды түсуіне себепші болады.

5. Блок самалдықтары

Көріп отырған балкондар бір жағынан оптикалық алдау секілді көрінгенімен, өзінің трапециялық ерекше формасының арқасында олар шын болып көрінеді. Бұл самалдықтар Словения елінің Изол қаласындағы тұрғын үйдің бір бөлігі. Айтарлықтай ерекше конструкция көмегімен Ofis Arhitekti командасы тұрғын үй дизайні конкурсында жеңіске жетті.


6. Самалдық - шынаяқ

Осы қызық самалдықтар Niimi компаниясының шайын жарнамалауына көп көмектесті.

7. Самалдық - гараж

Неміс архитерторлары Манфред Дик пен Йоханнес Кауке автокөлік иелеріне көмектесуді шешіп, көлік тұрағының жаңа түрін ойлап тапты: арнайы лифттің көмегімен автокөлік сіздің жеке самалдығыңызда тұрақтайтын болады.

8. Noida самалдығы

Мұндағы тұрғын үй комплексі 80 үйден тұрады.


9. Bloomframe самалдығы

Бұл самалдық Hofman Dujardin Architects дизайнерлік фирмасының туындысы. 2008 жылы фирма индустриалды дизайн категориясында Red Dot Design Award сыйлығын иеленген болатын.

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM