Әлемдегі ең биік ағаш үй

Әлемдегі ең биік ағаш үй

Әлем жалпы қызыққа толы және сол қызықтардың бірін бүгін біз сіздермен бөліспекпіз. Назарларыңызға таңғажайып құрылысты ұсынамыз.

Әлемдегі ең биік ағаш үй АҚШ-та, Теннеси штаты, Кроссвиллде орналасқан. Бірақ бір қызығы - үйді кәсіби емес құрылысшылар тұрғызған екен. Үй қожайыны армандаған үйін салуға он бір жыл уақыт жұмсаған.

Горацийдің айтуынша, үй салуды құрылыс материалдары бітпегенше жүргізген екен.

3400 шаршы метрді алып жатқан үлкен үй Горацийге тым арзанға түскен. Өндіріс қалдықтары мен материалдарды үнемді қолдануының арқасында ол бар болғаны он екі мың доллар ғана жаратқан. Үй ішінде көптеген бөлмелер мен бұрандалы баспалдақтар, баскетбол алаңы және т.б. орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, алып үй адамға өте қатты әсер қалдырып, тамсандрады-мыс. "Үй көлемінің үлкендігі соншалық сөзбен айтып жеткізу қиын", - дейді таң қалған куәгерлер.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Дубай қаласындағы жасанды аралдардың құрылысын фотобаян ретінде ұсынған болатынбыз.

Сурет: wowfacts.net

Ж. FM