Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Менің Қытайдағы күндерім

Менің Қытайдағы күндерім

Менің Қытайдағы күндерім

Сәлем! Сәлем! Біздің виртуалды жобамыздың қадірлі оқырмандары! "Әлемтану" айдарының бүгінгі қонағы – Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінің 3 курс студенті, өзі саяхатқа құмар, елтануды басты мақсат еткен Жамиля Халымбетова есімді бойжеткен.

Массагет: Алдымен, сізбен танысқанымызға қуанышты екендігімізді айтқым келеді. Жамиля, сіз үшін саяхаттың ерекшелігі неде?

Жамиля: Мен үшін саяхат деген жаңа дүниелерді тану мен өзге мекендерді көру, басқа елдердің тарихы мен салт-дәстүрін үйрену мүмкіндігі. Оған қоса, қонақта болған жақсы, ал үйде болған одан да жақсы дегенді өзіме ұран етіп алғандықтан, бір межеде екі түрлі қуанышқа кенелемін: бірі саяхатқа кеткенімде, бірі үйге қайта оралғанымда...

Массагет: "Екі шет тілі" мамандығының студенті екенсіз. Шет тілдерін үйренуге қызығушылығыңыз қалай пайда болды? Мүмкін, оған да саяхатқа деген құмарлығыңыз ықпал еткен шығар?

Жамиля: Мен бала кезімнен бері әр түрлі елдер мен олардың тарихы жайлы оқығанды ұнатамын. Көбіне көне өркениеттердің аңыздары қызықтырады. Шет тілін үйреніп,  сол тілде сөйлейтін халықтарға бір қадам жақындай түсесің. Меніңше, сан түрлі мәдениетке қызығушылығым тілдік қарқынымды арттырған сияқты.

Массагет: Неге Қытай елі? Неліктен алғашқы жоспарлы саяхатыңызға Қытайды таңдадыңыз?

Жамиля: Қытай елі өзіндік мәдениеті мен мұрасына бай. Тарихи жәдігерлерін өз көзіммен көргім келетін. Әсіресе, Қытай қаржы есебінде де қолжетімді. Сонымен қатар, біздің ол жақта жол-жорығын көрсететін таныстарымыз болды.

Массагет: Белгілі бір бағдарламамен бардыңыз ба, әлде жеке турист ретінде ме?

Жамиля: Жеке турист ретінде. Басынан аяғынан дейін саяхатымызды өзіміз жоспарладық. Интернет арқылы қонақ үй, баратын қызықты жерлердің мекенжайды алдын ала тауып алдық.

Массагет: Қытайға виза алу қиындық тудырмады ма?

Жамиля: Иә, ең қиыны елшілік алдында кезекте тұру болды. Біз елшілікке түн ортасында барып, әр екі сағат сайын бар екенімізді жаздырып отыруымыз керек болды. Ал таң ата халықтың толып кеткені сонша, есік аттап кіру мүмкін емес еді. Визаны тек екінші талпыныстан кейін ғана алдым.

Массагет: Қанша уақыт болып қайттыңыз?

ЖамиляБір айдай болдық. Бірнеше қаланы кезіп, тамашаладық. Көп уақыт Гуаньжоу қаласында болдық. Соссын Макао мен Гонконгке де бардық.

Массагет: Білуімше қытай тілін меңгермегенсіз. Сонда, коммуникативті тіліңіз ағылшын болды ма?

Жамиля: Толық болмаса да бағыт-бағдарды сұрауға және сауда жасау үшін жеткілікті қытай тілін білетінмін. Бақытқа орай, жолда ағылшынша білетін адамдар жолықты. Айналада тек қытай тілі жүріп жатқан кезде, оларды аз болса да түсіне бастайды екенсің. Сосын, біз онда қазақтарды кездестірдік. Қазақтың мейрамханасында болып, көптеген қандас бауырларымызды көрдік. Олардың қазақшасы біршама басқаша екен, кейде не айтып жатқандарын түсінбей қалатынбыз. Ең қуанарлығы қандастарымыздың төл тілімізді сақтауға және дамытуға тырысып жатқандығы. Ал Гонконгта Ресей азаматтырына кезігіп қалдық. Олар да орыс тілінде сөйлейтіндерді көргендеріне ризалығын білдірді.

Массагет: Иә, тіл жағы мәселе тудырмапты. Қандай қала-мекендерді тамашаладыңыз?

Жамиля: Гонконгта ең бірінші әйгілі Жұлдыздар Аллеясына бардық. Сол жерден көк тіреген үйлерге тамаша көрініс ашылады. Ал қаланың қаржы орталығында бірнеше зәулім ғимаратты қамтитын лазерді музыкалық шоу "Отты Симфония" көздің жауһарын алады. Оның қасында тарихи жәдігерлердің бірі Сағат Мұнарасы орын тепкен. Сосын тамақтану мақсатында Сохо ауданына эскалаторда көтерілдік. Эскалатор 800 метр қашықтықты қамтиды. Ол әлемдегі ең ұзын болып Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ендігі тізімде Ocean Park пен DisneyLand болды. Бірақ Диснейлендке үлгермей қалдық.

Макаода бір-ақ күн болдық, дегенмен соның өзі жеткілікті болды. Ақысыз автобуспен жағажайдан қымбат интерьермен жабдықталған әлемдегі ең үлкен казино Venetian-ға бардық. Grand Lisbao, Galaxy секілді өзге де казинолар көркемдігімен тамсандырып тұр. Содан кейін, Макаоның бұрынғы сенаторлар ғимараты орналасқан ескі алаңда серуендедік.

Массагет: Саяхат барысында қызық немесе бір келеңсіз оқиғалар болды ма? Болса, бізбен бөліссеңіз екен...

Жамиля: Иә, болған. Мысалы, біз бірінші күні-ақ Гуаньжоуда адасып қалдық. Ол былай болды: таксист бізді түсінбей қарама-қарсы бағытқа алып барып тастады. Түнде көше тым-тырыс. Көмек сұрайтын ешкім жоқ. Достарымызға хабарласқанымызбен қай жерде тұрғанымызды біле алмай жатқанбыз. Уайымдай бастадық, белгісіз біреулер бізді аңди бастады. Енді жүгіруге бастық. Аллаға шүкір, алдымыздан бір жігіт шығып қалды. Өзі ағылшынша да жақсы сөйлейді екен. Сосын ол бізді қонақ үйге дейін шығарып салды. Міне, қытайлықтар осындай жылы шырайлы екен (күліп). 

Массагет: Аспан асты елінің тарихи жәдігеріне айналған Ұлы Қытай Қорғанын көруге бардыңыз ба?

Жамиля: Жоқ, Біз Қытайдың оңтүстігінде болдық. Ал Ұлы Қытай Қорғаны елдің солтүстік шекаралас аймағында орналасқан.

Массагет: Сізді таңғалдырған ұлттық дәстүрлері немесе мәдени атрибуттары болды ма?

Жамиля: Маған бәрінен де көрші еліміздің тылсым құпияға толы ұлттық шәй ішу салтанаты өте ұнады. Арнайы туристерге шәй демдеп беретін мамандар үдеріс барысында дайындалу құпиялары жайлы толық мағлұмат береді. Ел тұрғындары өте қарапайым және қонақжай екен. Мүлде танымайтын кісілермен езу тартып, көтеріңкі көңіл-күймен араласады. Тағы бір ерекшелігі олар сізге комплимент айтуға бейім. Сонымен қатар, жолдағы ережелер мұқият бағдарланған. Халық өте тығыз орналасқан болса да, ешқандай кептелістер жоқ. Қалалық транспорттық жүйе мен метрода да қолайлылық пен тұрақтылықты байқайсың. Біз жылдам бейімделіп кеттік.

Массагет: Сянган (Гонконг) әлемге дәстүрлі фестивальдарымен әйгілі. Қалада ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың куәсі болдыңыз ба?

Жамиля: Біз керек уақытта керек жерге жеткен екенбіз. Гонконг арнайы әкімшілік ауданының негізі қаланған кез екен. Алып шаһардың негізгі көшелерінде өткен ауқымды шеруге қатыстық.

Массагет: Алдағы саяхат жоспарыңызға қай елді таңдап отырсыз?

Жамиля: Алдағы уақытта Тайландта болғым келеді. Саяхатты ел астанасы Бангкогтан бастап, ең басты деген аралдарына барып қайтқым келеді.

Массагет: Сұхбатыңызға рақмет, амандықта жүздескенше дейміз!

Жамиля: Аман болыңыздар!

Міне, нағыз студенттік туризм. Бүгінгі кейіпкеріміз саяхаттауға аса қомақты қаржының керек емес екенін дәлелдеп берді. Мысалы, Гонконгтың орталығындағы Chungking Mansions аталатын қонақ үйіне күніне 270 юань (7000 теңге шамасы, егер алдын ала ғаламтор арқылы орын алған болсаңыз) төлеп тұрған. Ал Гуаньжоу одан әлдеқайда арзан, күніне 100 юань (2565 теңге) болған. Тамақтануға орташа бағамен бір күнде 20-30 юаньнан (600 теңге) жұмсалған екен. Жалпы бір айға созылған Қытай еліне жоспарланған саяхат 300 000 теңгенің (бару-келу билеті, тамақтану, уақытша тұратын орындар, бірақ шоппингті қоспағанда) көлемінде болыпты.

Сұхбаттасқан: Жолдас Өрісбаев

Сурет: Жамиля Халымбетова 

Редакциядан: Біздің жобамызға кез келген өзге елге саяхаттап келген адам қатыса алады. Ол үшін жоба авторы Айгерім Сматуллаеваға хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

Айгерім Абдиханованың Лондондағы күндері

Жолдас Өрісбаевтың Америкадағы күндері

Мақпал Сембайдың Қытайдағы күндері

Шерзат Баратовтың Еуропадағы күндері

Шолпан Сыдықтың Түркиядағы күндері

Мейрамбек Таубалдиевтің Испаниядағы күндері

Құралай Ахметтің Еуропадағы күндері

Фариза Ертаеваның Америкадағы күндері

Сания Дауталиеваның Малайзиядағы күндері

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 ақпан 2014, 14:38
Пікірлер
+0
13 ақпан 2014, 17:30

Керемет сұхбат, керемет ел

+0
13 ақпан 2014, 17:38

300 000 теңгеге көп жерге баруға болады ;)

+0
13 ақпан 2014, 20:03

Құрт-шаян жеген жоқсыза?)))))

+0
16 ақпан 2014, 14:46

Тамаша шыққан екен...

+0
18 ақпан 2014, 01:30

тамаша мен қашан барады екем

+0
28 наурыз 2014, 15:41

шыныменде бақа шаян жедіңіз ба :D

+0
28 наурыз 2014, 15:42

шерхан мммооооооодееес :cry: :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.