Германияда ең биік су төбешігі ашылмақ

Германияда ең биік су төбешігі ашылмақ

Германияда әлемдегі ең жылдам, ең биік су ойын алаңы ашылмақ. Жуырда тұсауын кескелі отырған Verrückt су төбешігі Бразилиядағы аттракционның рекордтық биіктігінен асып түседі екен. 

Аталған су төбешігі Рио-де-Жанейродағы «Килиманджаро» аттракционының елу метр биіктігін артта қалдыратын көрінеді. Жоба басшылары дәл биіктіктің әзірше анық-қанығын мәлім етпей отыр.

Ұзынқұлақтың сөзіне сенсек, жаңадан ашылғалы отырған су төбешігі 17 қабатты үйдің биіктігіндей болады. Бұл биіктік, өз кезегінде, Ниагара сарқырамасы мен Азаттық мүсінінен биік.

Осынша биіктіктен үлкен жылдамдықпен төменге құлдырай жөнелуден ағзадағы адреналиннің арта түсері анық. Бір қоса кетерлігі, төбешіктің ең биігіне жету үшін 264 баспалдақты артта қалдырасыз. Сосын арнаулы қондырғы, не болмаса сал сіз бен өзге де үш еріктіні сағатына 100 шақырым жылдамдықпен төменге ала жөнелмек.

Қиын қорқынышты көрінер, бірақ бұл басы ғана. Сосын сал (плот) төменге жетісімен, жылдамдықты қайта жинап, бес қабатты үйдің биіктігіне дейін барып көтерілмек.

Аттракционның басы-қасында жүргендер дүниенің қызығына ерген, сезім қуатын тасытқысы келетіндердің басын қоспаққа ниетті. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: theverruckt.com; .poiskturov.by

Л. Лига