Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемнің ерекше көпірлері

Әлемнің ерекше көпірлері

Әлемнің ерекше көпірлері

Таяуда әлемнің бірқатар қауіпті көпірлері туралы сөз қозғаған болатынбыз. Ендігі кезекте аса танымал болмаса да, ерекше көпірлер жайлы айтуды жөн санадық.

Нидерланды еліндегі көрінбейтін көпір

Голландықтар бұл қорғанды 17-ғасырда жасаған. Оның тарихи келбетін жоғалтпас үшін олар бір көргенде байқамайтын көпір жасаған. Бұл көпірді жергілікті халық «Моисей көпірі» деп атап кеткен. 

Нидерланды еліндегі ұшатын көпір

Голландияның Леувардан қаласындағы бұл көпір екі аймақты біріктіреді. Алайда, бұл көпір арнайы құрылғылардың арқасында аспанға қарай көтеріліп тұрады.

Хидервиктен шыққан қозғалмалы көпір. Ұлыбритания

Жайылған көпірдің жылжымалы екенін бір көргенде аңғару қиын. Қозғалтқан кезде ол дөңгелек пішінді болып кетеді.

Гуаитара өзеніндегі көпір. Колумбия

Басқа көпірлерден ерекшелігі бұл көпір үстінде Las Lajas Cathedral шіркеуі бар. Көпір шіркеу ғимаратының бір бөлшегі іспетті. 

Үзілетін көпір. Норвегия

Бұл көпірді жергілікті халық «суайт көпір» деп атайды. Себебі, көпірмен көлік тізгінін ұстап келе жатқан жан оның орта жолда үзіліп кететініне сенімді болады. Алайда, құлап кетудің орнына автомобиль жүргізушілері айналмалы жолдың бар екенін аңғарады.

Трифт аспалы көпірі. Швейцария

Альп тауындағы ұзындығы 170 метрге жететін көпірмен тек қана төзімді жаяу жүргіншілер ғана жүре алады. 100 метр биіктікте орналасқан аспалы көпірмен жүйке жүйесі мен жүрек ауруларына шалдыққан жандардың жүрмегені абзал. 

Ханчжоувань шығанағындағы көпір. Қытай

Hangzhou Bay Bridge көпірі Шанхай мен Нинбо қалаларын байланыстырады. Ұзындығы 36 шақырымға жететін бұл көпір әлемдегі ең ұзын трансмұхиттық көпір болып саналады.

 

Әйнектен жасалған көпірлер. Қытай мен Америка Құрама Штаттары

Қытай елінің мақтанышы Чжанцзяцзе ұлттық саябағы орналасқан Тяньмень тауында әйнектен жасалған көпір бар. Жерден 1430 метр биіктікте салынған бұл көпір тау қырында орналасқан.

Ал Американың Гранд шатқалында әйнек көпір ат тағасына ұқсайды. Биіктігі шамамен 1200 метр. Ал шатқал бөктерінен 21 метр қашықтықта салынған. 

ДНҚ көпірі. Қытай

Бұл көпір жобасы бекітілгенмен әлі салынған жоқ. Ерекше көпір жобасының авторлары танымал «WXY Architecture» сәулет студиясы. Сычуань елді мекеніндегі Nanhe өзенінің бойында орналасатын бұл көпір ДНҚ құрылымына ұқсағандықтан жоба авторлары ат тапқан кезде аса қиналған жоқ.  

Суреттер: http://blog.tripplan.ru

3996 11
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 21 сәуір 2012, 11:00
Пікірлер
+0
21 сәуір 2012, 13:29

әйнек көпір керемет)

+0
21 сәуір 2012, 14:36

«Моисей көпірі» күшті екен

+0
21 сәуір 2012, 14:51

маған гран шатқалындағы көпір ерекше секілід

+0
21 сәуір 2012, 22:41

Ханчжоувань шығанағындағы көпірмен жүру бір арман ғооооооой

+0
22 сәуір 2012, 01:21

Ғажап!

+0
23 сәуір 2012, 19:13

Ханчжоувань шығанағындағы көпірімен жүріп біткенше жүрегің аузыңа тығылатын шығар. ))

+0
23 сәуір 2012, 22:03

Біздің елде қашан салынады екен ел таңғалатындай қылып

+0
12 мамыр 2012, 20:41

ДНҚ сиякты РНК к_п№р№н салмай ма , :lol: :lol:

+0
02 наурыз 2013, 23:16

оеба ана үзілетін көпірмен біздің қазақтар 120 мен ұшып келіп беріп кетсее құдай сақтасын;;

+0
02 наурыз 2013, 23:17

Қытайдағы көпірмен жүрем дегенше құлай саласың ғо

+0
02 наурыз 2013, 23:38

Швейцариядағы көпірмен жүрмес едім :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...